Қазақстанда қоршаған орта туралы телеарна ашылады

Сәуір айынан бастап елімізде экология тақырыбына арналған телеарна жұмыс істейтін болады.

«Байтақ Болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртайдың айтуынша, арнаның негізгі контенті жастарға бағытталған.

«Неліктен жастарға екенін де айта кетейін. Жастар мен жасөспірімдер экология тақырыбымен жиі айналысады әрі белсенді болып келеді. Оларды осы мақсатқа тереңірек баулысақ жақсы нәтиже береді деп ойлаймыз», — деді Азаматxан Әміртай.

Қазіргі уақытта арнаның ашылуына қажетті барлық жағдай жасалған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version