Әлем чемпионаты алдында Аргентина құрамасы бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Алайда, қарсыластары жайлы нақты ақпарат әзірге белгісіз. Отандық басылымдар аргентиналықтардың қарсыластарының бірі Қазақстан болуы мүмкін екенін жазды. Оған бірнеше себеп бар: Қазақстан Әлем чемпионаты өтетін Ресейге өте жақын; Жолдастық кездесу үшін алыс жол жүрудің қажеті жоқ.
Айта кетейік, 4 маусым — 2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатына қатысатын командалардың тізімін ұсынатын соңғы күн.
Аргентина футбол құрамасының бас бапкері Хорхе Сампаоли бұл матчқа кеңейтілген құрамды (30-35 ойыншы) немесе Әлем чемпионатына қатысатын соңғы құрамды (23 ойыншы) шақыруы мүмкін.