Басты бетЖаңалықтарМәдина Әбілқасымова...

Мәдина Әбілқасымова Еңбек министрі болып тағайындалды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды», делінген Ақорданың ресми сайтында.

Сонымен бірге, Президент Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды.

Жаңадан тағайындалған Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова бұған дейін Ұлттық экономика министрінің орынбасары қызметін атқарған болатын.