Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің жұмысына оң баға берді

«Жылдың басында алдымызда тұрған мақсаттарды анықтап, тиісті сұрақтарды бір-бірімізге қойып, жұмыс істеуді бастау үшін бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген мәжілісін өткізгелі отырмыз. Облыстардың әкімдері қатысуда. Өздеріңіз білесіздер, қаңтарда өткізген Үкіметтің жиналысында былтырғы жылдың  қорытындысы жарияланды, айтылды. Шынын айту керек, өткен жыл оңай болған жоқ. Дүниежүзінің экономикасы да аумалы-төкпелі болды. Біздің де жағдай әртүрлі болды. Дегенмен, Үкімет пен әкімшіліктердің бірлесіп  істеген жұмыстарының арқасында менің бағалауым бойынша дұрыс нәтижеге жеттік», — деді мәжілісті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев.

Cондай-ақ, Елбасы Қазақстанның экономикалық өсімі өткен жылдың қорытындысында 4 процентті құрап, инфляция 7 процент төңірегінде болғанын еске салды.

«Бұл біз үшін алынған жаңа белес болып саналады. Сондықтан бұл жағынан мен Үкіметтің  жалпы жұмысына, әрбір Үкімет мүшелеріне оң бағамды бергенім дұрыс деп санаймын. Халық та солай деп ойлайтын шығар. Дегенмен, әр уақытта жетістіктерімізге тоқмейілсіп отыра бермейміз. Алдымызда мақсаттар көп, бағдарламалардың  орындалуының ішінде кемшіліктер бар. Оны әрине  айтатын боламыз», — деді Мемлекеттік басшысы.

«Биыл Үкіметтің алдына қойып отырған 4 пайыз аз болады. Одан төмен түсіп кетуіміз де мүмкін. Сондықтан  өзіміз алдымызға  одан жоғары міндеттер қоюымыз керек. Оның ішінде бағдарламалардың орындалу мәселелері бар, олардың арасында  кемшіліктер де жоқ емес. Сондықтан осы мәселелер төңірегінде жұмыс істейтін боламыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ДереккөзInform.kz