Басты бет Жаңалықтар Америкалық теңізші 33 жыл бойы кінәсіз түрмеде отырған

Америкалық теңізші 33 жыл бойы кінәсіз түрмеде отырған

АҚШ-тың Вирджиния штатының соты 33 жылын темір тордың ар жағында өткізген Кит Аллен Гарвардты босату туралы үкім шығарды деп хабарлайды 24.kz.

Себебі, оның кінәсіз екендігін ДНҚ сараптамасының қорытындысы дәлелдеген. Бұл азамат Ньюпорт-Ньюс тұрғынын өлтіріп, оның әйелін қорлаған деген айыппен қамалған болатын. Өйткені Гарвард жәбірленушілердің үйіне жақын орналасқан АҚШ-тың ӘӘК кемесінде қызмет еткен.

Құқық қорғаушылар оның тістері жапа шеккен әйелдің аяғындағы тіс іздеріне сәйкес келетіндігін айтып, абақтыға жапқан. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қылмысты 2006 жылы ұрлық үшін жазасын өтеп жүріп қайтыс болған Гарвардтың кезіндегі әріптесі жасаған болуы мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version