Құрамында агрессиялы химиялық заттары бар немесе бактериялары бар тамақты ішкеннен кейін, токсиндер қан құрамына ақырын сіңіп, ағзада улану процесін тудырады.
Уланудың белгілері қандай?
Тамақтан улану аз уақыттың ішінде болады. Бұл ауру кезінде науқастың бойында мынадай белгілер болады:
- жүрек айну, құсу;
- диарея (іш өту);
- асқазан немесе ішек ауруы;
- әлсіздік, ұйқы қашу;
- бас ауруы.
Егер уақытында емделмесе, бұл белгілер күшейе түсуі мүмкін. Әсіресе, баланың улануы, белгілі бір аурудан енді жазылған егде адамның жағдайы тамақтан уланса өте ауыр болады.
Алғашқы көмек қалай көрсетіледі?
Ересек адам уланып қалса, тез арада «Жедел жәрдем» шақыру керек. Дәрігер келгенше кез келген улану жағдайында адам ағзасынан уды шығару немесе у қайтаратын амалдарға кіріскен дұрыс. Егер у тамақ арқылы түскен болса, уды шығарудың ең тиімді жолы – асқазанды шаю. Ол үшін науқасқа көп мөлшерде су беріп, тілдің тамырын саусақпен басу арқылы құсуын қадағалау керек. Егер жәбірленуші өзі мұны істей алмаса, көмектескен дұрыс.
Кішкентай бала уланған сәтте дәрігерлерге баланың неден және қалай уланғанын айту керек. Оператор жедел көмек көрсету тобын шақырып, балаға «Жедел жәрдем» келгенше көрсетілетін алғашқы көмек жайлы айтады.
«Жедел жәрдем» келгенше не істеу керек?
- баланы тыныштандырып көріңіз, бірақ өзіңіз білмейтін артық әрекет жасамаған дұрыс;
- телефоннан «Жедел жәрдем» операторы айтқан нұсқауларды орындаңыз;
- үнемі пульс және тыныс алуын қадағалаңыз;
- егер бала есінен танып қалса, оны бір жағына қарай жатқызу керек (нәрестені қарнымен),
- жүрек соғысы мен тыныс алуы тоқтаса, жасанды тыныс беріп көріңіз;
- «Жедел жәрдем» келгенше баланы бақылаусыз қалдырмаңыз.
Тамақтан уланудың алдын-алу үшін:
Ағзада уланудың алдын алу үшін мына сақтандыру шараларын сақтаған дұрыс.
- тамақ жасар алдында және шикі ет немесе тауықты ұстаған соң қолыңызды сабындап жуыңыз;
- көкөністер мен жемістерді мұқият жуыңыз;
- шикі етті турап болған соң, тақтай мен басқа да аспаптарды жуыңыз;
- тамақ жасар алдында мұздалған тауықты жақсылап ерітіңіз. Егер мүмкіндік болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, суық бактериялардың көбеюінің алдын алады;
- ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз;
- ет, тауық және балықты қуырмас бұрын бір ыдысқа салмаңыз;
- тағамдарды тарақан, маса және тышқандардан қорғау үшін бетін әрдайым жауып жүріңіз;
- буфет, асханаларда тамақтанғанда абай болыңыз;
- тамақ қалдығын тоңазытқышта сақтаңыз, ал пикникке апаратын тағамдарды арнайы ыдыстарға салыңыз;
- шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз.
Бактериялар 4,4-тен 60 градус Цельсий температурасында тез көбейеді. Тағамды осы температура аралығында сақтау ұсынылмайды, келесі кеңестерді ұстаныңыз:
- азық-түлікті тоңазытқышта сақтаңыз;
- тағамды 60 градустан кем емес Цельсий температурасында дайындаңыз және ысытыңыз.
Айта кетейік, тамақтан қатты уланған кезде бірден дәрігерге көрініңіз. Өйткені кей жағдайлар улану белгілеріне «ұқсас» болуы мүмкін. Дәл осындай жағдай жүрек талмасында орын алады.