Шымкентте «Халықты жұмыспен қамту орталығы» жаңа технологиямен жұмыс бастады

Бүгін, Шымкент қаласының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің жаңа ғимаратының ашылу рәсімі болды. Жаңа нысан жұмыс сұрап жүгінген әрбір жанға сапалы қызмет ұсыну мақсатында пайдалануға берілді.

Мекеме ішіне заманауи электронды терминал қойылып, қызмет көрсету түріне қарай әр маманға тиісті нөмірленген табло орналастырылды. Мұндағы жаңа қондырғылар жұмыс іздеушілердің себепсіз кезек күтпеуін қамтамасыз етіп, алдын-ала өз таңдауына қарай анықтама алуына мүмкіндік береді.

Аталмыш ғимараттың ашылу рәсіміне қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қатысып, шаһар тұрғындары үшін істелініп жатқан игі бастамаға сәттілік тіледі.

Халықты жұмыспен қамту орталығы Ғабидолла Әбдірахымов

— Қаламыздағы тұрғындар санының артуымен жұмыссыздық өзекті мәселеге айналып отыр. Біз осы түйінді шешу үшін қала орталығынан озық технологиямен жабдықталған жаңа ғимаратты шаһар тұрғындарына қызмет көрсетуге беріп отырмыз. Әлемнің дамыған елдеріндегідей Еңбек биржасын құрып, түрлі жұмыс орындарын ұсынуды жоспарлап отырмыз, — деді қала әкімі.

Сондай-ақ, орталықтың қызмет ұсынымына сай жасы ұлғайған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы қызмет түрлерін де ұсынып отыр. Атап айтар болсақ, құлағы нашар еститін және көзі нашар көретін бірақ еңбекке қабілетті азаматтарға сурдо аударма маманы қызмет етеді. Күніне 110 азаматқа бос жұмыс орындары бойынша жолдама беріліп, сапалы қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда, аталған орталықта 7 бөлім, 53 штаттық бірлік ел игілігі үшін қызмет етуде.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақ күйлерінің тарихын анимация арқылы білуге қалай қарайсыз?

Tasqyn студиясының жаңа өнімі -"Дала шырқауы" көпсериялы мультфильмі Құрманғазының өмірі мен оның күйлерінің тарихын баяндайды.

ОСК: Сайлау күні құқық бұзған 42 адам жауапқа тартылды

Сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялау кезінде орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров дауыс беру күні тіркелген заңға қайшы әрекеттер туралы айтты.

Әлихан Смайылов қайта премьер-министр болып тағайындалды

Жаңадан құрылатын үкіметті Әлихан Смайылов басқарады.

Доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавқат Рахмоновты қабылдады

Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавқат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан бочча федерациясы халықаралық федерацияның құрамына енді

Қазақстан бочча федерациясы ресми түрде Boccia International Sports Federation (BISFed) – халықаралық бочча федерациясының мүшесі болды.