Әлемде басқарушы әйелдер өте аз
Қазір біз, әйелдер, бұрынғы әпкелеріміз өмір сүрген жағдайды бастан кешіріп жатқан жоқпыз. Өзіміздің азаматтық құқықтарымыз бар. Алайда арамызда әлі де болса құқығын қорғай алмайтын әйелдер кездеседі. Одан бөлек, әлемде әйел адамдарға басқарушылық қызмет те бұйыра бермейді.
Сандарды сөйлетер болсақ, 190 елдің басшыларының тоғызы ғана нәзік жандылар. Оның ішінде 13% парламентте жұмыс істесе, 15-16% жоғары лауазымды қызметте. Бұл деңгей 2002 жылдан бастап көтерілген емес, керісінше төмендеген екен. Кез келген саланы алсаңыз да, басқарушы әйелдер саны өте аз екені байқалады.
Кеңсеге келген алғашқы әйел кісі
Әйелдердің алдында үнемі қиын таңдау тұрады. Бірі – карьера, екіншісі – отбасы. Жақында АҚШ-тың зерттеушілері компанияда қызмет ететін менеджерлердің санын есептеген. Деректер бойынша, жұмыс істейтін тұрмыстағы әйелдер саны өте төмен болып шыққан. Осыған қатысты басымнан кешірген оқиғаны баяндап берсем деймін.
Бірде жергілікті компанияға іскерлік кездесуге бардым. Жиналыс 3 сағатқа жоспарланған еді, екі сағат өткеннен кейін кішігірім үзіліс жарияладық. Серіктестерден әйелдер баратын әжетхананың қайда екенін сұрадым. Жауап бере алмай абдырап қалды. Содан «Сіз мұнда бұрыннан жұмыс істейсіз бе? Әлде мен осы кеңсеге кірген жалғыз әйел адамбын ба?» деп сұрадым. Ол маған «Осы орталықта әжетхана іздеген жалғыз әйел сіз болуыңыз мүмкін» деп жауап берді.
Бұл мәселені қалай шешуге болады? Өзімізге, жанымыздағы жұмыс істеп жүрген құрбымызға, әріптесімізге және қызымызға қандай кеңес айта аламыз?
Стереотиптерді жоя білу керек
Біздің санамызды көп стереотиптер жаулаған. Енді істі қолға алғанда, қоғам не ойлауы мүмкін деген ой, бүкіл мақсаттарды бір сәтте жойып жібереді. Қарап отырсаңыз, жетістікке жеткен әйелдердің көбі биязы емес, агрессивті болған. Олар ешқашан біреудің не ойлайтынына мән бермеген. Жетістікке жеткің келсе, арасында мінезіңді көрсетіп қойған да дұрыс.
Әркімнің таңдау құқығы бар
Ұлдарымызды кішкентайында көшбасшылыққа тәрбиелесек, қыздарды дәл солай өсіре алмайды екенбіз. Баланың кім болғысы келеді?
Қыз не ұл деп бөлмей, қалаған қызметті таңдауға мүмкіндік берген жөн.
Әйелдер бойындағы қабілеттерін бағаламайды
Әйелдер ерлерге қарағанда өзінің қабілеттерін жоғары бағалай білмейді. Сондықтан карьерасын ұзақ жалғастыра алмайды. Мәселенің шешімін қарапайым тілде түсіндіріп айтқым-ақ келеді. Әйелдер, сенімді болыңдар! Жасағың келген идеяңды тастап кетпе! Оны дамыта біл!