iPhone суықта сөніп қалмас үшін не істеу керек?

iPhone неліктен суықта өшіп қалады?

Температура нөлге жақын кезінде iPhone жұмысы баяулай бастайды. Экранның сезімталдығы азаяды, желіні жоғалта береді, өздігінен сөніп, қосылады немесе мүлде қосылмай қалады? Мұның себебі неде?

Барлығы литий ионды аккумулятордың себебінен орын алады. Аязда ионды батареялар өзінің қасиеттерін жоғалтып алады. Сол себепті қуаты болса да, iPhone өшіп қалады.

0-ден +35 °C аралығында iPhone қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Сөндірілген күйінде –20-дан +45 °C градусқа дейін ұстауға болады.

iPhone суықта сөніп қалмас үшін не істеу керек?

1. Далаға шықпас бұрын iPhone-ды 100% дейін қуаттап алыңыз

Қарапайым болса да, пайдалы кеңес. iPhone қуаты қаншалықты көп болса, оның суықта сөніп қалу қаупі азырақ. Ең дұрысы, қуатын максималды арттырып алу.

2. Чехол кигізіңіз

Смартфонды асфальттан қорғаймын деп қана емес, суықтан да сақтаймын деп тыстап жүргеніңіз абзал.

3. Құлаққапты қолданыңыз

Суық күні смартфонды қайта-қайта қалтадан шығармас үшін, құлаққаптың көмегіне жүгініңіз. Аккумуляторы жоқ, сымды құлаққапты қолданған жөн.

4. Өте жай істейтін қосымшаны не ойынды қосып қойыңыз

Процессорды қыздырып, аккумулятордың суынып кетпесі үшін, далаға шығарда өте жай істейтін қосымшаны не ойынды қосып қойыңыз.

5. iPhone-ды қыста навигатор ретінде қолданбаңыз

Смартфонды далада қолданудың басты себебі де оның навигаторының болуында. iPhone-ыңыз  мүлдем сөніп қалмасы үшін, жол бағыттарын смартфонсыз реттенгеніңіз жөн.

6. iPhone-ды денеңізге жақын ұстаңыз

Суықта сөніп қалмасы үшін, iPhone-ды мейлінше ішкі қалтаңызға салыңыз. Күртешенің, шалбардың сыртқы қалтасынан оның суыққа төтеп беру қабілеті аз.

iPhone суықтан өшіп қалса, не істеу керек?

Бірден температурасы тым жоғары жерге апармаңыз. Жылу батереясына немесе машинаның жылытқыш пешіне мүлде жақындатпаңыз — конденсат пайда болуы мүмкін.

Бірден қуаттауға да болмайды. Егер мүмкіндік болса, 30–40 минуттан кейін қосып көріңіз. Уақыт өткеннен кейін қосылмаған болса ғана, қуаттауға кірісіңіз.

Қыста, ең дұрысы, PowerBank тәрізді қосымша қуаттағыштарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Ыңғайыңызға қарай, барынша жинақы, жеңіл болғаны тиімді. Бірақ батареяның көлемі аз дегенде 10 000 мАч болғаны дұрыс. Одан төменін қолданудың пайдасы аз.