Бақтияр Артаев «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубының директорлығына тағайындалды

«Astana Arlans»» бокс клубының директоры директоры болғаным рас. Бұйрық бүгін шықты», — деп хабарлаған Бақтияр Артаев телефон арқылы«ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.

Айта кетейік, бұған дейін Бақтияр Артаев «Тарлан Батырлары» ЖШС-ін басқарып келген.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында дүниеге келген.

Ол — Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері.

2004 жылғы Грекияның Афина қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай).

7 дүркін Қазақстан чемпионы.

ДереккөзInform.kz