Сирия келіссөздерінің келесі кезеңі 20 ақпанда өтеді

Сирия дағдарысын реттеу бойынша келіссөздің кезекті раунды Астана қаласында 20 ақпан күні өтеді. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.

Қайрат Әбдірахманов. Фото: Bnews.kz

Сирия келіссөзінің бұған дейінгі раунды Астанада 21-22 желтоқсанда өткен. Ол келіссөзде кепіл елдер Ресей, Түркия және Иран «тұтқындарды босату, құрбан болғандардың мәйіттерін беру және із-түзсіз жоғаландарды іздеу» жөніндегі жұмысшы тобын құру» тәртібін бекіткен.

ЬБүгін Үкімет жиынының арасында журналистерге жауап берген СІМ келіссөзге қатысушы кепіл елдер бұған дейін уағдаласқандай, 20 ақпанға белгіленген келіссөзге дайындалып жатқанын айтты.

«Әңгіме ақпанның 20-сы туралы болып отыр. Бірақ бұл ақпаратты кепіл елдер түпкілікті растауы керек» — деді Қайрат Әбдірахманов.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version