«Биыл Алматыда көшелерді орташа жөндеуден өткізуге 9 млрд теңге қарастырылған. Жалпы алғанда ұзындығы 150 шақырым болатын 89 көшеге орташа жөндеу жасау жоспарда тұр», — деді Мақсұт Исахов.
Былтыр ұзындығы 147 шақырым болатын 171 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Абай көшесін «Қалқаман» шағын ауданындағы Әуезов көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту бойынша жұмыстар аяқталып, 2 учаске пайдалануға берілген.
«Бөкейханов — Солтүстік айналма көшелері қиылысындағы көлік жолайрығы» жобасы іске қосылып, Алатау ауданында — 10,9 шақырым, Наурызбай ауданында 17,335 шақырым жол салынды. 6 көпір мен Байтұрсынов көшесі күрделі жөндеуден өткізілді.
Қазір Жандосов көшесін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасуда. Қалада 230 000 шаршы метр асфальт-бетон жабындысы жөнделді.
Сондай-ақ, Мақсұт Исахов қаланың көліктік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 2023 жылға дейінгі іс-шаралар кешенінен тұратын жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы (ЖҚҰКС) әзірленгенін жеткізді.