Төреәлі Әлихановтың Баян Есентаеваның мәлімдемесіне жауабы

Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі мырза Баян Есентаеваның мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Baistars.kz.

«Әйел адамды жеңу мүмкін емес. Әлем жеңбеген әйелді еркек жеңбейді. Мен ол кісімен салғаласып, олай емес, былай деп отырғым келіп тұрған жоқ. Бірақ айта кетейін, Төреғали «Ұлы дала баласы» деген атпен екі ірі қалада Алматы және Астанада концерт қойды. Екеуінде де он күн бұрын билеттер таусылып қалған. «Ұлы дала баласымен» талай қала, елді-мекенге концертпен барып жатырмыз. Афишасында өзі жалғыз тұр. Халық Еркесіз де оның концертіне келіп, ол әнсіз де басына көтеріп жүр» — деп қысқа қайырды Төреәлі мырза.

«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, әңгіме Төреәлі мырзаның «Ерке Есмахан «Алло» арқылы халыққа танылды» деген сөзінен шыққан. Осы мәселе жөнінде Төреғалидің директоры «Ағай олай айтуы мүмкін емес, телеарналардың баяғы әдеті ғой, сөздерді кесіп-кесіп береді. Сондықтан сондай дау шығып жатыр. Төреәлі аға өз сөзінде тұратын адам. Гонорар төленбесе, демек солай келіскен болуы керек» — дейді әншінің директоры Фариза. Бірақ біріккен гастрольдік сапар наурыз айының басында аяқталған. Төреғали Төреәліге «Алло» әнімен дуэт айтып, концертке, той-думанға бірге шығу қиындап кеткен ұқсайды. Сондықтан біріккен гастроль Баян Есентаева айтқандай бір жарым айға емес, 20 күнге ғана созылған. Ал 4 сәуір күні Петропавлда кеш қонағы Ерке Есмахан болады делінген билеттің өтірік болып шыққаны белгілі болды. Концертті ұйымдастырушылардың айтуынша, 4 сәуірде Петропавлда өтетін концерттің билеттеріне Төреғали өзі түскен суреттер сатылған.

Төреғали концерт

ДереккөзBaistars.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әйнел Әмірхан: Әйел құқығын қорғауды жиі айтатын ерлер де оларды қолдауға дайын емес

Қазақстан әйелдері елдің саяси өміріне неге ерлермен теңдей араласа алмай келеді? Ал үй тірлігі тек әйелдің міндеті ме? Журналист-фрилансер Әйнел Әмірхан "Тасадағы әйелдер" дейтін жобасында сарапшылармен осы сұрақтардың жауабын іздейді.

Қазақстан халық партиясы мәжіліске өткен депутаттарының кандидатурасын бекітті

Қазақстан халық партиясы мәжіліске өткен депутаттарының тізімін жариялады.

Елден жанармайды 20 литрлік канистрмен шығаруға тыйым салынды

2023 жылғы 20 қаңтарда Энергетика министрлігінің «Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы шыққан. Бұйрықта жанармайды елден 20 литрлік канистрмен шығаруға қатысты норма алынып тасталды.

Президент: Ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеп жатыр.

Биыл 45 аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өтеді

Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы айтты.

Ақтөбенің бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.