Басты бетЖаңалықтарҚазақстан жабық...

Қазақстан жабық кешендегі Азия чемпионатында 12 медаль алды

Жарыста әйелдер арасында 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Әйгерім Шыназбекова, 3000 метрге жүгіруден Татьяна Нерознак, сырықпен секіруден Анастасия Ермакова, 400 метрге жүгіруден Светлана Голендова, үш қарғып секіруден Ирина Эктова және ерлерден сырықпен секіруші Никита Филипов алтын алды.

Күміс жүлдегерлер қатарында – Виктория Зябкина (60 метрге жүгіру), Элина Михина (400 метрге жүгіру) бар.

Сондай-ақ 1500 метрге жүгіруден Татьяна Нерознак күміс жүлдені иеленді. Татьяна 1 ақпан күні 3000 метрге жүгіруден бас жүлде алған болатын. Нерознак спорттық карьерасында жабық кешендегі Азия чемпионатының барлық жүлдесіне ие болып үлгерді. Ол бұған дейін 2014 және 2016 жылдары өткен Азия чемпионатында 800 метрге жүгіруден қола жүлде алған еді. 1 ақпанда 3000 метрде чемпион болды. Бүгін күміс жүлде бұйырды.

Жалғыз қоланың иесі – Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру).

Жарыстың соңғы күнінде 4х400 метрлік эстафетадан қыздар алтын алса, жігіттер күміс жүлдеге ие болды.

Жігіттерден жалпы саны 6 команда қатысты. Қазақстан құрамасында Андрей Соколов, Сергей Зайков, Дмитрий Коблов, Михаил болды. Чемпион атанған Катар құрамасы мәреге 3:10.08 минутта жетсе, Қазақстан құрамасының нәтижесі – 3:11.68 минутта келді. Үшінші орынға жергілікті Иран құрамасы тұрақтады.