1. Жұмыс аптасы қиын болды. Сіз қатты шаршадыңыз. Демалысты қалай өткізуді жоспарлайсыз?
- Достарымнан қандай жоспарлары бар екенін сұраймын. Ауыр жұмыс аптасынан соң көңіл көтеріп қайтамын. Менің таңдауым — жаңадан ашылған мейрамхана немесе осы аптада прокатқа шыққан фильм, тіпті, жылқымен серуендеуге де қарсы емеспін — E.
- Телефонымды «Авиарежимге» қойып, үйімде демаламын. Демалыс ұйқыны қандыру үшін керек. Бөлмеде сериал көріп, пазл жинап, кітап оқығанды жақсы көремін — I.
2. Аталған екі анықтаманың қайсысы сізге жақын?
- Мен үшін ең маңыздысы — дәл қазіргі сәт. Бүгінгі күнмен өмір сүремін. Болашақта не боларын уақыт өзі көрсете жатады — S.
- Фактілер адамды жалықтырады. Мен өз қиялымдағы әлем туралы жиі ойланамын. Өз өмірімнің сценарийін ойластырумен боламын. Шешім қабылдау керек болғанда көбінесе интуицияның көмегіне жүгінемін — N.
3. Сіз қызмет етіп жатқан компанияның қарсыласы сізді жұмысқа шақырды. Олар жақсы жалақы беруге уәде еткенімен, қазіргі жұмысыңыздағы ұжымды, әріптестеріңізді жақсы көресіз, басшылық қызметтен де үмітіңіз бар. Сіздің әрекетіңіз?
- Мені жұмысқа шақырып отырған қарсылас компания туралы барлық ақпараттарды зерттеп, таныс менеджермен ақылдасамын. Мұндай жағдайда ұзақ ойланып, дұрыс шешім қабылдауға тырысу керек — T.
- Жүрегім мен сезіміме бағынамын. Маған материалдық байлықтан қарағанда жанымның тыныштығы қымбат — F.
4. Екі аптадан соң жақын досыңыздың үйлену тойы. Сіздің дайындығыңыз қалай?
- Тойға киетін киімімді үтіктеп, дайындап қойғанмын. Жас жұбайларға олардың фотосуреттерінен дайындалған видеопрезентация мен фотоальбом сыйлаймын. Мен оның өміріндегі ең маңызды сәтті өзінен де артық күтіп жүрмін ғой — J.
- Мен несіне дайындаламын? Мен оның тойына қонақ ретінде барамын ғой. Көңіл көтеріп, тамақтанып қайтуға қарсы емеспін — P.
Ал енді таңдаған нәтиже бойынша әріптер тізбегін жасаңыз. Сол көрсеткіш бойынша сізге мынадай мамандықтар сәйкес келеді:
ESTJ — бастық
Барлық істе тәртіп болғанын қалайды. Барлық адамға өзінің пікірінің дұрыс екенін дәлелдеп, өзі ұстанған бағытпен жүруге үйреткісі келеді. Өмір шындығына тура қарайды және тек қана фактілерге сенеді. Ашық қарым-қатынасты, жаңа таныстықтар мен шулы ортаға қарсылығы жоқ.
ENTJ — командир
Ол үшін өмірдің бар қызығы — күрес. Ол өзін қоршаған ортадағы құбылыстардың барлығын күрес жолындағы кедергілер деп біледі. Батыл әрі тәуекелшіл, жаңа нәрсеге жылдам үйренеді. Қимыл-қозғалыс, спортты жаны сүйеді. Өзіне артылған кез келген міндетті қиындығына қарамастан шыдамдылықпен, жауапкершілікпен орындайды.
ESFJ — ұстаз
Кез келген адаммен жақсы тіл табыса алады. Қырағы, мұқтаж жандарға қол ұшын беруге дайын. Кейде адамдарға көмектесу үшін өз басын қатерге тігуге даяр. Көздеген мақсатына басқалардың көмегінсіз, өз күшімен жетуге талпынады. Тек жақындарының рухани қолдауы маңызды, себебі, жаны тым нәзік.
ESTP — маршал
«Бастысы жеңіс емес, қатысу» — бұл маршал тобындағылардың басты ұраны. Мақсатына жету үшін көп күш жұмсамай, басқа әдіс-тәсілдерді қолданғанды жөн көреді. Басшылыққа бағынғанды, бұйрықтарды орындағанды ұната бермейді. Тек өзінің қызығушылығына ғана жұмыс істейді. Тығырықтан жол табудың шебері.
ENFJ — ақылгөй
Тілге шешен, эмоцияға берілгіш адам. Әр нәрсеге сенімсіздікпен қарайды. Болашақта болатын оқиғалар мен оның салдарын алдын-ала болжап біледі. Көпшілік оны тым сабырсыз, уайымшыл, қызуқанды, сөзшең адам ретінде қабылдауы мүмкін. Оның пайдалы тұстарын көп бағалай бермегенімен, қауіп-қатердің алдын алатын қабілеті бар.
ENTP — ағартушы
Жаңа идеялардың генераторы. Жұмыс өнімділігін арттырудың, істі меігерудің жаңа әдіс-тәсілдерін сынақтан өткізуден шаршамайды. Қалыптасып қалған дәстүрді, ескілікті ұнатпайды. Маманданған саласына да, хоббиіне де тұрақсыз. Үнемі жаңашылдықты іздеп жүреді.
ESFP — саясаткер
Айналасындағылармен тез тіл табысып, олардың ықыласын өз мақсатына пайдаланады. Уақытты босқа жоғалтуды дұрыс емес деп есептейді. Кез келген істе жылдамдығымен, нәтижелілігімен ерекшеленеді.
ENFP — чемпион
Энергияға толы, биікке ұмытылады. Әр істе максималистік көзқараста. Көшбасшы болмағанымен, ісі арқылы жақсылыққа жетуді көрсетіп тұрады. Кез келген жағдайды баланс сақтай алады.
INFP — емші
Көп армандайды. Бірінші орынға адамның ішкі жан-дүниесінің байлығын қояды. Адамдарды жақсы таниды. Сұлулыққа жаны құмар. Қоғамда қандай оқиға орын алып жатса да әдемі болып жүргенді жақсы көреді. Үнемдеуді білмейді. Кез келен ортаға бейімделіп кетуі қиын.
ISFP — композитор
Қарапайым нәрсенің өзінен қуануға себеп тауып алады. Адамдарды күлдіріп, көңілдерін көтергенді ұнатады. Алайда, келіспеушілік пен ұрыс-керісті көтере алмайды. Қамқорлығы үшін айналасындағыларға сыйлы. Әлемді бар қалпында қабыладйы, адамдарды басқаруға құмар емес.
INTP — архитектор
Эмоциясына берік. Сезімін сыртқа шығара бермейд. Маңызды шешім қабылдау үшін көп ойланады. Зерттеу жұмыстарын жүргізгенді жақсы көреді.
INFJ — кеңесші
Адамдардың қарым-қатынасын жақсы меңгерген. Олардың таланты мен икемі қай салада екенін бірден аңғара алады. Интуициясымен таңқалдырады. Өзімен-өзі болғанды жақсы көреді. Оның басты ғылымы — өзін-өзі тану. Өзін тану арқылы өзгелерге көмесктесе аламын деп ойлайды. Ешкімге ашылып сөйлесе бермейді. Сөйлескен адамына ақыл-кеңес, дұрыс бағыт-бағдар бере алады.
INTJ — шабыт беруші
Ішкі жан-дүниесі өте бай. Мінсіздікке ұмытылады. Адаамдарға ашыла бермейді. «Мен сияқты бол» деген үлгі көрсетеді. Еркін өмір сүргенді қалайды. Қолжетімсіз болып көрінеді. Өз-өзіне тым сенімді.
ISFJ — қорғаушы
Өтірікке жаны қас. Шынайылықты жақсы көреді. Қарым-қатынаста «өз» адамдары мен бөтендердің шекарасын жасап қойған. «Өз» адамдарын қорғап, қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады. Сөзіне де, ісіне де абай.
ISTP — шебер
Сөзден қарағанда іске жақын. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген принципті ұстанады. Нақтылықты талап етеді. Өзіне ұнамаған адамдармен қарым-қатынас жасамайды. Шаруасын бітіргенде ешкім мақтау айтпаса да рахаттана біледі.
ISTJ — инспектор
Терең ойлайтын, жауапкершілігі мол адам. Адамдарға сенімді серік, бірақ өзі ешкімге сенбейді. Іскерлік қатынастарды ұнатады. Ең соңғы нәтиже ол үшін өте маңызды. Қаталдықты, тәртіпті дұрыс деп санайды. Қиялға ерік бермейді. «Қазір және осында» деген принципті ұстанады.
INFP
ENFP
ENFP
Тілге шешен адам
Ия дал шыкты
Саясаткер — ESFP
кеңесші шықпайды менен????
менікі дұрыс ENTP
ISTP
маршал деген кандай жумыс
ISTJ
Чемпион . қолбасшы
ENTJ КОМАНДИР
ISTJ
INTJ шабыт беруші
ESTP 😎