«Валюта нарығында жағдай тұрақты. Теңге өткен айда 2,8 пайызға нығайды». Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Елбасыға есеп беруде осылай деді.
«Қаңтар айында инфляция деңгейі 0,6 пайызды құрады. Мұның өзі жылдық жоспармызға толық сай келетін көрсеткіш. Ұлттық банктің резервіне тоқталсақ, оның мөлшері 31,7 миллиард долларға пара-пар. Өткен айда көрсеткіш 3 пайызға ұлғайған», — деді Данияр Ақышев.
Сондай-ақ, қордың шетелдік валютадағы активтері 58 млрд доллардан асқан. Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді.