Басты бет Жаңалықтар «Сарайшыққа саяхат» мультфильмі жарыққа шықты

«Сарайшыққа саяхат» мультфильмі жарыққа шықты

Q-Daily медиа орталығы "Сарайшыққа саяхат" мультипликациялық фильмін түсірді. 10 бөлімнен тұратын мультфильм балалардың көне қалаға жасаған қызықты саяхаты жайлы сыр шертеді.

© Inform.kz

Атырауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылған «Сарайшыққа саяхат» мультипликациялық фильмінің тұсаукесері болды.

«Сценарийді жазарда Атырау облысының Махамбет ауданындағы көне қаланың орнындағы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген орындарына барып, зерттеулермен таныстық, ғалымдардың кеңестерін тыңдадық. Көрген-білгендеріміздің бәрін мультипликация тілімен жеткізуге әрекет жасадық. Көрермен қауым біздің жұмысқа оң бағасын береді деген үміттеміз», — дейді жоба продюсері Азамат Атагелдиев.

«Сарайшыққа саяхат» — Қазақстанда ең жаңа технологиялардың көмегімен шығарылған анимациялық фильм. Оны түсіруге екі ай уақыт жұмсалған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version