«Сарайшыққа саяхат» мультфильмі жарыққа шықты

Атырауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылған «Сарайшыққа саяхат» мультипликациялық фильмінің тұсаукесері болды.

«Сценарийді жазарда Атырау облысының Махамбет ауданындағы көне қаланың орнындағы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген орындарына барып, зерттеулермен таныстық, ғалымдардың кеңестерін тыңдадық. Көрген-білгендеріміздің бәрін мультипликация тілімен жеткізуге әрекет жасадық. Көрермен қауым біздің жұмысқа оң бағасын береді деген үміттеміз», — дейді жоба продюсері Азамат Атагелдиев.

«Сарайшыққа саяхат» — Қазақстанда ең жаңа технологиялардың көмегімен шығарылған анимациялық фильм. Оны түсіруге екі ай уақыт жұмсалған.

ДереккөзInform.kz