Басты бетЖаңалықтарСон Паскаль қазақ тойынан миллиондап ақша табатынын жасырмады

Сон Паскаль қазақ тойынан миллиондап ақша табатынын жасырмады

Қазақстанда аты шыққан итальяндық әнші Сон Паскаль тойға жиі шығатынын ашық әңгімеледі.

«Қазақстанда тойдың орны ерекше, тойға жиі шығып тұрам. Бұл — қазақстандық формат. Айтпақшы, Италияның оңтүстік өңірінде де көңіл көтергенді қатты ұнатады», — деді  Паскаль.

«Тойдан миллион теңге табыс табам. Доллар емес. Бұл — орташа баға. Шынымды айтсам, басқалардың құнымен өзімдікін салыстырам да, әріптестерімнен сәл арзандау сұраймын. Себебі олар — қазақстандық, мені Италиядан тек ақша табу үшін келді деп ойламаса екен», — деп ағынан жарылды итальяндық әнші.

Әртістің айтуынша, «Паскалистан» жобасының екі маусымдық кезеңінен кейін «Пекин-экспресс» шоуынан кейін оның табыс көзі едәуір өскен.

«Қазақстан — музыка жағынан менің бірінші үйім, мұнда деңгейімді шыңдадым. Бұрын 100-150 адамға ән айтсам, қазір 25 мың адамға өнер көрсетемін», — деді Паскаль.

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР