Мамандығымның сән саласына мүлдем қатысы жоқ. Бакалаврды экономика бойынша Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-да, магистратураны да дәл осы мамандықпен осы университетте оқыдым. Кейін білімімді толықтыру үшін Барселонада оқып келдім. Визажист боламын деп ешқашан ойламадым, армандаған жоқпын. Тіпті, сурет те сала алмаймын. Өз мамандығым бойынша банкте жұмыс істеп жүріп, өзім үшін «Сам себе визажист» деген курсты оқыдым. Содан қызығушылығым басталды! Оқытушым: «Әйгерім, сенен кәсіби визажист шығады. Неге ары қарай оқымайсың?»- деді. Бірақ ол кезде барлық оқыған-тоқығанымды тастап, басқа салаға кетуге дайын емес едім. Бірақ оқытушымның бір ауыз сөзі қанаттандырып, кәсіби визажист курсын оқып алдым.
Мейрамбек Беспаев ағамызға грим жасадым
Мен көп адамды бояндырдым. Бірақ соның ішінде әнші Інжуді бояндырған сәтім өмір бойы есімде қалатын шығар. Ол кезде «Жаңа күн» бағдарламасында жұмыс істейтінмін. Қатты қобалжып, уайымдағаным соншалықты, екі тізем дірілдеп тұрды. Сөйтсем, тізем Інжудің аяғына «дір-дір» етіп тиіп тұрған екен. Ол: «Алтыным менің, уайымдама, бәрі жақсы»,-деп қояды. Олай деген сайын дұрыс емес істеп жатқандай күй кештім. Сөйтіп Інжу маған күшті қолдау көрсетті. Жасаған жұмысымды қатты ұнатты. Бұл — менің телевидениеге жасаған бірінші макияжым еді.
Ер адамдардан ең бірінші әнші Мейрамбек Беспаев ағамызға грим жасадым. «Мейрамбек ағаға грим жасау керек» дегенді естігендегі түрімді көрсеңіздер ғой! Мейрамбек ағаға барып, грим жасауды енді үйреніп жүргенімді айттым. Ол кісі де: «Жарайды, ештеңе етпейді»,- деп қолдау көрсетті.
Сұлулық салонын қалай аштым?
Визажист мамандығына қызығушылығым мен махаббатым күн сайын арта берді. Мәскеуге барып, Гоар Аветисяннан кәсіби визажист курсын оқыдым. Гоар маған: «Сенің орныңда болсам, визажистердің үлкен мектебін ашар едім. Сенің қолыңнан келеді. Егер мүмкіндігің болса, Мәскеуде қалсаңшы»,- деп ұсыныс тастады. Бірақ дәл сол сәтте Мәскеуде қалуға мүлдем құлшынысым болған жоқ. Әрине, бұл ұсыныс маған қатты ұнады, бойыма өзіме деген сенімділік ұялатты. Алматыға келгенде «Неге маған жеке салон ашпасқа? Егер маған Гоар сынды жоғары деңгейдегі визажист өз командасына қосылуға ұсыныс жасаса, демек бір нәтиже болуы керек» деп ойладым. Осындай жылы сөздер, қолдаулар менің жеке бизнесімді ашуға түрткі болды.
Салонды 2017 жылы аштым. Командама алған ең бірінші адамым — өзімнің туған сіңілім. Ол — шаш шебері. Кішкентай кезінен бері небір шаш үлгілерін жасауға икемді болатын. Бірақ жұмысқа алғанда: «Қолыңнан келсе, қаласың. Келмесе, басқа адам іздейміз» деген шарт қойдым. Жоқ, бастады. Оқыды. Қолынан келді. Бастысы, жұмыстары ойымнан шықты. Сөйтіп, екеуіміз бірге жұмыс істедік. Кейін Фазелия деген қызды алдық. Кейін командамызға адамдар жинала бастады. Қазіргі таңда салонда 10 шебер жұмыс істейді. Ал жалпы командада 25 қыз бармыз.
Өзіміздің статистикамыз бойынша, салон ашылғалы бері бір жыл ішінде сегіз жеке концертті командамызбен алып шықтық. Әншілердің шашын жасаймыз, бояндырамыз, қажеті болса, тырнақтарына дейін жөндеп берген кездеріміз болды. Бірінші жылда осындай нәтиже көрсеткеніміз — менің үшін үлкен қуаныш.
Біз тек кәсіби косметикаларды қолданамыз. Оларды Америкадан, Германиядан аламыз. Қытайға жоламаймыз. Қарапайым бояу жағатын құралдарымыз Германиядан әкелінген. Оларды тазалық үшін күнде кешкісін жуып отырамыз. Әрбір клиеттен кейін оларды спиртпен тазалап, арнайы ылғалды сүлгімен сүртіп қоямыз. Оның құрамында хлор, спирт және бояу кетіретін зат бар. Бағасы өте қымбат тұрғанына қарамастан, күнделікті қолданамыз. Өйткені тазалық ең бірінші өзіміз үшін керек. Егер клиенттен қандай да бір шағым болса, ол — біздің қызметімізге, атымызға сын.
Жарнаманы қалай жасадым?
Мен визажит курсын бітіргелі бері еліміздегі эстрада жұлдыздарымен жұмыс істеп келемін. Алғашында олардың үйлеріне немесе түсірілім алаңдарына барып, макияж жасап беретінмін. Кейін салон ашқанда: «Әйгерім, не істейміз? Макияжды қай жерде жасаймыз?»-деп сұраған әншілерге: «Менде салон бар. Егер сізге ыңғайлы болса, салонға келіңіз. Ыңғайсыз болса, мен сізге барамын»,-дейтін болдым. Көптеген әншілер салон ашқанымды естіп, келіп құттықтады. Менің осындай қуанышымды Instagram желісінде бөлісіп, маған қолдау көрсетті. Соның арқасында салонның ашылуы халыққа жақсы жаңалық ретінде жетті.
Сұраныс болса, 24 сағат жұмыс істейміз
Соңғы кезде күннің қатты аяз болуына байланысты, қыздарыма демалыс беріп, өзім 12 сағат жұмыс істедім. Сенсеңіз, таңғы сағат 4-те макияж жасаған кезім болды. Төрт кісі Бішкекке тойға кететін болып, сол уақытқа жазылды. Түнгі 2-де де істей аламын. Егер макияж қатты қажет болса, 24 сағат бойы жұмыс істейміз. Ал салонның жалпы орташа жұмыс уақыты — таңғы 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін.
Салонда клиент көп болатын кезең — мамыр айының соңы. Яғни, мектеп, университет бітіру кештері болатын уақыт. Ол кезде күніне қанша адам келетінін, шыны керек, орта есеппен де айта алмаймын. Себебі таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін түскі асымызды ішпестен, қыздарды салтанатты кешке дайындаған кездеріміз болды. Ондай сәттерде қыздарым аз 4-7 қызға қызмет көрсетсе, өзім 7-15 қызды бояндырып жіберемін.
Қазіргі бояну мәдениеті
Жалпы алып қарайтын болсақ, Алматы қаласы бойынша, макияждың әртүрлі бағытын ұстанатын студиялар көп. Сол студиялардың ішінде менің бағытым — көп косметиканы қажет етпейтін, табиғи макияж. Бізге келетін клиенттің 99%-ті макияжды барынша жеңіл, көрінбейтін, қанық емес қылып жасауымды сұрайды. Алматыда қатты боянатындар бар, бірақ олар маған келмейді екен. Өйткені маған 18-19 жастан үлкендер келеді. Одан кішкентайлар — еліктеушілер. Олар шетелдіктерге, корей қыздарына еліктейді.
Менен: «Визажистсіз ғой, өзіңіз күнде боянып жүресіз бе?»-деп сұрайтындар көп. Жоқ, өзім күнде боянбаймын. Ол косметика зиян дегеннен емес. Мен боянғаннан бояндырғанды жақсы көремін.
2018 жылы қандай макияж сәнде?
Қаңтар айынан бері биылғы жылға қандай жаңалық енгізуге болаты туралы ойланып жүрмін. Жаңа жылдың бірінші айы бітпестен, өз-өзімді қоярға жер таппай, ізденіп, Дағыстанға Махачкала қаласына барып келдім. Онда Диана Омарова деген қыздан сабақ алдым. Ол — дүниежүзілік деңгейде аты шықпаған визажист, бірақ біздің қазақ қыздарының басым көпшілігі оның оқырманы. Оған екі-ақ себеп бар: бірі — қыздарымызға оның макияжы ұнайды, екіншісі — орамал тағу үлгісі ұнайды екен. Сол себепті Диананы таңдадым. Оның бояндыру стилі маған да ұнады, өзімнің техникама қостым.
Ольга Томина деген визажистің де шеберлік сыныбына қатыстым. Ол — дүние жүзіне танымал, өте тәжірибелі визажист. Одан образды макияж техникасын үйрендім. Ол клиенттің киетін киіміне, істейтін ісіне, отырған ортасына байланысты жасалады. Мысалы, қызыл киім кисе, көзін, ернін қызылмен бояйды. Қарапайым халық менен қызыл «тень» тұрмақ, қызыл далаптың өзін көп сұрай бермейді. Бірақ кәсіби визажист ретінде бұл техниканы да білуім керек деп ойлаймын.
Шеберлік сыныптарына тек өзім ғана барып қоймаймын. Командамдағы қыздарды да жіберіп тұрамын. Оларға өздеріне қажетті техниканы сапалы үйрете алатын шебер табуға 4 ай уақыт беремін. Соған барып-келу шығынының 50%-ын өзім көтеріп аламын. Себебі визажист оқулары арзан тұрмайды. Өздеріңіз де білесіздер ғой, макияждың бағасы 5-6 мыңнан басталады.
7 қалада шәкірттерім бар
Салонда істейтін қыздар — өзімнің шәкірттерім. Олардан бөлек Астана, Өскемен, Семей, Қызылорда, Атырау, Ақтауда да курс өткіздім. Шәкірттерімнің ішінде жеке салондарын ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған арулар бар. Басқа қалаларға әлі барған жоқпын. Негізі, Қызылордада да шеберлік сыныбын өткен жоқпын. Олар өздері осы Алматыдағы сабақтарыма келіп қатысты.
Менде оқудың бағасы Алматыдағы визажистердің бағасымен салыстырғанда орташадан төменгі деңгейде. Ол туралы мәліметтерді менің Instagram парақшамнан табуға болады.
Мен үшін жетістікке жету формуласы — жас кезімізде жұмыс істеп алу. Бойымызда энергия бар кезде, шаршауды білмеуіміз керек. Кейбіреулер аптаның бір күнінде міндетті түрде демалады. Менде ондай түсінік жоқ. Аптаның күні емес, жылдың бір айында демалуды да мақсат етпеймін. Өйткені мен 10-сыныптан бері жұмыс істеймін. Шаршаймын деп айтатындай, басқа мемлекеттердегідей қиын жұмыс істеп жатқан жоқпыз. Бәрі алдымызда. Кішкене уақыт, ұйқы жағынан қиналатын шығармыз, бірақ қалған жағдайымыз жақсы. Сол еңбекқорлық — кез келген жетістіктің кілті деп ойлаймын.
Алдағы жоспарларым
Алдағы уақытта екі hair-стилистімізді дүниежүзілік деңгейдегі шеберге оқуға жібереміз. Екеуінен жақсы нәтиже шығатынына сенемін, өздерін де сендіріп, моральды тұрғыда дайындап жүрмін. Ал өзім сұраныс бойынша Өскемен, Семей, Қарағандыда шеберлік сыныбын өткізуді жоспарлап отырмын. Сұраныс Атырауда да, Ақтауда да бар. Бір барып кеткен жеріңнен міндетті түрде екінші қайтара сұраныс болады. Сол себепті Қазақстанның барлық қалаларына барғым келеді.
Сұлулық салонын ашарда нені ескеру керек?
Жұмысты бастарда әрбір келген қонақтың көңілінен жоғары деңгейде шығатындай қызмет атқара білу керек. Ол жерде туысқан немесе таныс деген түсінік болмайды. Клиент келді ме, шаш үлгісі мен макияжы оның ойлағанынан да күшті болып шығуы керек. Сол себепті жоғары деңгейлі шеберлерді жұмысқа қабылдап, олардың еркін жұмыс істеулеріне қажетті барлық жағдайды жасау керек. Біздің салондағы басты ұстаным — осы.
Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар BARIBAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакцияның жазбаша рұқсатын алу қажет.
Айкош жарайсың! Сен əлі биік белестерге лайықсың, табанды еңбегіңнің арқасында əлем таныр өз ісіңнің маманы бол. Біз сені мақтан тұтамыз!????
Жарайсың Айгерім!Мен үшін бұл қыздың орны өте ерекше,неге десеңіздер мен уйде баламен отырған аналардың бірімін,уйде отырған аналар түсінеді, үйде тек бала емес үйдің тірлігінен басқа жұмыс жоқ,əбден былайша айтқанда қарайып қалуың мүмкін,сондықтан құры отырмай бир нарсемен, яғни суйікті ісіңмен айналысып қосымша табыс табу,əр əйел заты үшін керемет дүние,сондықтан менде Айгерім сияқты экономист мамандығын алғанмын,бирақ жумыс жасамадым,басқа салада бираз жұмыс жасап,отбасы құрып,балалы болғаннан кейін үйде отыру керек болды,сол кездері Айгерим сіңілімнің осы іспен айналысып жүргені қызықтырып, басқа визажистер көп,мен бірақ Айгерім өзіме ерекше ұнап,мінез десе мінезі өте керемет,сондай кішіпейіл,əр адамның көңіліне қарап туратын ақкөңіл, көркем мінезді десем артық айтпаймын,дəл өзінен сабақ алып,уйде отырып өзімнің суйікті ісіме айналған визажист жумысын ақырындап жүргізіп,қосымша табыс тауып келемін,бірінші əрине Аллаға шукир,одан кейін Айкома мың да бир рахмет айтамын жəне алғысым шексіз,алдынан тек ақ күн туып,еңбегінің жемісін көре берсін,тек биік белестерді бағындырып,арман мақсаттарына жете беруін тілеймін!!!
Молодец,Айкош!Бииктен корине бер!
Айкотай жарайсын! Улкен белестерден корине бер, тек алга, саттилик!!!
Айко тəте жарайсыз! Шаршамаңыз, ештеңе қарамастан тек алға ұмтыла беріңіз!
Айко тəте керемет сұхбат!!!
Айко супер)))молодец.Тек алга
Жаным менің ботам. Оқып отырып жылағым келіп кетті ғой. Аллаға сансыз шүкір. Осы жұмысты тәй тәйлап бастағаныңнан білемін қалай еңбектенгеніңді. Ары қарай да талма. Еңбегің жемісті, таьысың адалынан болғай. Алла тіл көзден сақтап, саған күш қуат, денсаулық берсін. Жақсы көрем????????????????????????????????????
Жаным менің ботам. Аллаға сансыз шүкір. Оқып отырып жылағым келіп кетті. Алла тіл көзден сақтап, саған күш қуат берсін. Тек қана алға. Осы жұмысты тәй тәйлап бастағаныңнан білемін қалай еңбектенгеніңді. Еңбегің жемісті, табысың адалынан болсын. Жақсы көремін????
Айко, молодец!!! Тек алга!!! Енбегин Жана берсин????????????!
қыздар қай жылғы қыз.қалай хабарласуға болады екен ! қай қалада турады. Еңбегің жана берсін, өркенің өссін, биік белестерден көрін, тек алга Айкожан.????