Басты бет Жаңалықтар Бақтияр Артаев: Головкин Сауль Альваресты ұта алмауы да мүмкін

Бақтияр Артаев: Головкин Сауль Альваресты ұта алмауы да мүмкін

Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жекке болжам жасады.

Айта кетейік, бүгін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5-ші мамыр күні өтетіні ресми түрде жарияланды.

Бақтияр Артаевтың ойынша, екінші жекпе-жекте Головкинге қиын түседі және кездесуде ешкім күтпеген нәтиже тіркелуі мүмкін:

— Қарымта жекпе-жекте ешкім күтпеген нәтиже болуы әбден мүмкін. Менің ойымша, қос боксшы тағы да тең түсетін секілді. Гена ұтылып қалады деп айтқым келмейді, сол себепті тең түсуі қажет.

— Алғашқы жекпе-жекте төрешілердің «бір бүйрегі» Альвареске бұрғаны шындық. Алдағы кездесу осы жағдай қайталануы мүмкін бе?

— Екінші жекпе-жекте төрешілер кеткен қателікті қайталай қоймас. Головкинге олардың тарапынан қысым болмайды.

— Көптеген бокс мамандары Головкин «Канелоны» тек нокаутпен жеңе алады, егер қос боксшы тең түссе жеңісті мексикалыққа беруі мүмкін дейді. Сіздің пікіріңіз.

— Шынымды айтсам, оны болжау қиын. Бұл – бокс. Шаршы алаңға екі мықты шыққанда нокауттың бола қоюы екіталай. Осы жолы да алғашқы жекпе-жектегідей нокаут бола қоймас. Ешкім күтпеген нәтиже – қос боксшы тең түседі.

— Мықты мықты деу керек. «Канелодай» мықты қарсыласты жеңуге Головкиннің қандай мүмкіндігі бар?

— Шынымды айтсам, Головкинге бұл жолы жеңіске жету қиынға соғады. Тең түсуі мүмкін, бірақ жеңіске жете алмайды-ау деген күмәнім бар.

— Үшінші жекпе-жектің өтуіне қалай қарайсыз?

— Үшінші кездесу қызықсыз болып қалады. Жанкүйерлер менің ойымды дұрыс түсінбей, дұрыс қабылдамай, көре алмайды деуі мүмкін. Бірақ, біз, бокс маманы ретінде объективті түрде қарауымыз қажет.

34 пікір

  1. Амангелді Диасхан мен Дархан Айкөркем папасы Нұрлан

    Мен олай ойламаймын біздің Қазақстандық Головкиннің жеңетініне күмәніміз жоқ. Тек алға! Намысты осындай біздің елдің үмітін ақтар қырандарымыз биікке өрлей берсін.

  2. Головкин жеңсе нұр үстіне нұр ғой, бирақ жас мәселесі бар, осы жеңістен кейін бокстан кеткені дұрыс шығар өмірі алда ғой….

  3. Гена бірінші кездесуде-ақ жеңімпаз болған. Тек споттағы ақша деген сайқалдың сергелдеңіне ұшырады. Тек тілерім: Гена осы жолы қайта тұрмастай ет. Тілегім өзіңмен, Қарағандылық — қыран.

  4. Генаға алла қуат берсін.Генаға сәттілік.Гена алға! жеңіс сенікі біз саған сенеміз.????????????????✊????

  5. Біз Гена ағамыз жеңіледі немесе тең болады деп айтпауымыз керек деп ойлаймын. Себебі біз Гена ағамызға жеңесің десек , оның жеңіске деген үміті біршама артады. Сол себепті ГЕНА аға тек қана алға!!!

  6. Біз Гена ағамыз жеңіледі немесе тең болады деп айтпауымыз керек деп ойлаймын. Себебі біз Гена ағамызға жеңесің десек, оның жеңіске деген үміті біршама артады. Сол себепті ГЕНА аға тек қана алға!

  7. гена есіңді жый қайт үйге мен сені күтудемін бой ленгер қаласында болады жасым 31 де бойым 175см салмағым 72кг кел

  8. Геннадий сөзсіз жеңеді.Біздер,Қазақстандықтар қолдаушылармыз.Бүкіл әлемнің басымы жеңісті күтуде.Тіл-көзден сақтасынІ Алла қолдасынІ

  9. женсе нур устине, женилсе ол барибир биз ушин чемпион Гена жарайсын бокс алеминде Казакстанды, казакты танытып кок туымызды белбеуге енгизип тарихта калдырдын жарайсын…

  10. Гена женсе нур устине, женилсе барибир биз ушин ченпион.
    Гена жарайсын букил алемге Казак елин таныттын бокс алеминде Казактын кок туын WBS белбеуинен орын алдырдын тарихта калды керемет. Ар бир нокаутын тарихта калды жарайсын… Биз Генаны мактан тутамыз…

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version