Эндокринолог маманы нені зерттейді?

Эндокринология – ішкі секреция бездерінің қызметін және сол бездердің бұзылуынан болатын ауруларды зерттейтін ғылым. Ол ағзаның өсуі мен дамуын білдіретін зат алмасуды қамтамасыз ететін гормондарды өндіреді.

Эндокринологияда ауру түрі өте көп. Ең көп таралғаны — зоб (жемсау) ауруы.

Зоб ауруы неден пайда болады?

Зоб — қалқанша без көлемінің үлкеюі. Қалқанша безінің ұлғаюы мойынның жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, қалқанша безінің гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді. Зобқа ұшыраудың себебі көп. Ол — күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, йодтың жетіспеуі, тұқымқуалаушылық, инфекциялар, сихикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады. Зоб – қалқанша без қызметінің өзгеруіне қарай гиперфункция және гипофункция болып екіге бөлінеді. Науқас міндетті түрде дәрігерге көрініп, зобтың қандай түрі, нешінші дәрежесі және гармонның бөліну қызметін анықтау қажет.

Гаухар Болатқызы
©baribar.kz, фото Айгүл Хожантаева

Гипотиреоз — қалқанша бездің белсенділігінің төмендеуі. Бұл организмнің барлық қызметіне әсер етуі мүмкін. Гипотиреоз кезінде метаболизмнің жылдамдығы төмендеп, ақыл-ой және дене қызметін баяулатады.

Гипертиреоз —  қалқанша безінің гармонын әдеттегіге қарағанда көп бөле бастауы. Басқаша айтқанда, гипертиреоз гипотиреозға қарама-қарсы ауру. Қалқанша безі гармондарының төмендеуі ағза жұмысын баяулатса, гипертиреоз кезінде ағза жұмысының қарқыны қатты артады.

Зоб туа бітетін емес, өсе келе пайда болатын ауру.

Зоб ауруын қалай анықтауға болады?

  • Есте сақтау қабілеті төмендейді;
  • Жүйкенің тозуы;
  • Теріңіз құрғайды;
  • Шашыңыз түседі;
  • Дене қысымыңыз төмендейді;
  • Қабынудың салдарынан салмақ қосу немесе салмақ тастау;
  • Бетіңіз ісініп, өңініз қашады.
Гаухар Болатқызы
©baribar.kz, фото Айгүл Хожантаева

Йодтың жетіспеушілігі диффуздық зоб ауруының тууына себеп болады. Күйгелектік пайда болу, жылау, бұлшық еттің әлсіздеуі секілді белгілер пайда болады. Асқынған жағдайда ағзадағы тұз бен су бұзылып, тамақ астындағы без ісініп, адамның көздері өздігінен үлкейіп, тыныс алуы қиындайды. Жүйке талшықтарының қозғыштығы төмендеп, мидың жұмыс істеуі өзгереді. Жүрек қағысы әлсірейді. Ас қорыту функциясы бұзылады.

Халық емін жоққа шығармаймын. Бірақ «халық емшілеріне бару керек», «янтарь моншағын таққан дұрыс» деп  те айтпаймын.

Зоб ауруының ішінде көп тарағаны — эндемиялық зоб. Оның 3 сатысы бар:

1. Қалқанша безі көрінбейді, қолмен ұстап көрсеңізде сезілмейді;
2. Қалқанша безі көрінбейді, бірақ қолмен ұстасаңыз сезіледі;
3. Қалқанша безі жұтынған кезде көрініп тұрады.

Зоб қанша уақытта емделеді?

Зоб ауруының алғашқы сатысы болған жағдайда науқас дәрігердің берген емін қабылдап, құрамында йоды бар тағамдарды көп жесе тез сауығып кетеді. Зобтың тұқым қуалайтын немесе қатерлі түрлеріне шалдыққандар құлан таза жазылып кетпесе де, дер кезінде емделсе, аурудың асқынып кетуіне жол бермейді. Науқастар дәрігердің берген емін үзбей алып, үнемі дәрігердің қарамағында болуы қажет.  Аурудың күрделілігіне қарай ем алу уақыты 8 айдан 2 жылға дейін созылады.

Эндокринология саласында емделетін аурулар:

  • Қант диабеті;
  • Қалқанша бездің (гипотиреоз, тиреотоксикоз, аутоиммунды тиреоидит және т.б.) және қос қалқанша бездердің аурулары;
  • Бүйрек бездерінің аурулары;
  • Гипофиз қызметінің бұзылуы;
  • Семіздік;
  • Жыныстық бездер қызметінің бұзылуы.
Гаухар Болатқызы
©baribar.kz, фото Айгүл Хожантаева

Эндокринолог маманға қандай жағдайда қаралу қажет?

  • Ұйқыңыз бұзылса;
  • Күйзеліске ұшырап жүрсеңіз;
  • Тез шаршап, жұмысқа қабілетіңіз төмендесе;
  • Қатты ашушаң болып кетсеңіз;
  • Шаштарыңыз сынғыш болып, көп түсе бастаса;
  • Аузыңыз құрғайтын болса;
  • Тәбетіңіз жоғары бола тұра, көп салмақ тастасаңыз;
  • Бет, аяқ, қолдарыңыз ісініп кетсе;
  • Көп терлесеңіз;
  • Қатты тоңғақ болсаңыз;
  • Сөйлеу мәнеріңіз әлсіресе;
  • Дәретке көп шығатын болсаңыз.

Эндокринолог маманынан кеңес:

  • Егер сіз жүктілікті жоспарлап жүрсеңіз немесе жүкті болсаңыз, онда эндокринолог маманына барып, қаралғаныңыз жөн. Қалқанша бездің жұмыс істеу қызметін тексеріп алсаңыз, бұл сіздің дені сау сәби туатыныңызға кепілдік береді;
  • Егерде әйел адам зоб ауруымен ауыратын болса, дәрігердің рұқсатынсыз бала көтермегені дұрыс;
  • Зоб асқынып, соңғы сатысына жеткенде ғана ота жасатқан жөн;
  • Зобты үй жағдайында емдеуге талпынбаңыз;
  • Өз бетіңізбен дәрі-дәрмек қабылдамаңыз;
  • Айтылған белгілерді өзіңізден байқасаңыз, бірден дәрігерге қаралыңыз.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар BARIBAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакцияның жазбаша рұқсатын алу қажет.

11 пікір

  1. Мен 2007 жылы зобпен ауырдым,төрт жыл емделіп жақсарып қалғасын таблеткаларды тоқтатты.
    Бірақ 2009-2010 жылдары қант диабеті пайда болды.
    7-8 жыл таблеткада болдым,болыспай жатыр. Енді дəрігерім инсулинге отырғызбақ-гармонға қан тапсырып,зобқа узи өтемін.

  2. Әттеген ай менің анам зобтан кетті ғой. Ауруын жасырган өледі демекші, айтпады гой.еш ауруын.

  3. анаңыз емделгісі келмеген шығар . мұндай жағдайда адамдар емделуден қорқады

  4. анаңыз емделгісі келмеген шығар . мұндай жағдайда адамдар емделуден қорқады . сол себепті ауырып кенін жасырады

  5. Қазіргі уақытта Менің аяғым ауыр, 23 апта болды.Зобтың белгілері менде бар, бірақ ауданымызда оған қаралатын дəрігер жоқ.Не істесем болады? Көмектесесіздерме????

  6. Қазіргі уақытты менің аяғым ауыр, 23 аптадан асты.Зобтың белгілерінің барлығы менде бар.Ауданымызда эндокринолог дəрігер жоқ.Не істесем болады? Көмектесесіздерме?

  7. Қалаға 1 апта болсада келіп ем алғаныңыз жөн . Тіпті тез арада келіп дәрігердің кеңесін алыңыз . Егер қамтамасыз балаңыз кретенизм ауруы мен ауырып тууы мүмкін . Немесе тіл сал боп тууы мүмкүн . Тез арада қаладағы ауру бағаларға барып тексеріліп , дəрігердің кеңесін алуыңыз керек .

  8. Менде зоб бар, уже 10жылга жакындады, кытай врачы аныктаган болатын зоб бар екенин,но биздин Казахстандагы врачтар зобжок деп шыгарып салып отыр, ешкандай назначение бермеди, керисинше невропотологка жиьереди

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!