Қазақстанда сәрсенбіде жауын-шашын күтілуде

Сәрсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды ауа райы сақталады. Елдің шығысында ғана күн ашық болады, деп хабарланады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті сайтында.

Республиканың кей жерлерінде тұманды болып, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай ойнайды.

Ақмола облысының кей жерлерінде — тұман түседі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.Солтүстік Қазақстан облысында жел күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с-қа дейін  күшейеді, кей жерлерде тұман түседі. Қостанай, күндіз Маңғыстау,  Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, кей аудандарда тұман түсуі мүмкін.Жамбыл облысының кей жерлерінде — тұманды, найзағай ойнап,  түнде және таңертең  жел 15-20 м/с шамасында болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде  желдің күші 15-20 м/с, түнде және таңертең найзағай ойнайды.Атырау облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  тұман түседі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде  тұман түсіп, желдің екпіні түнде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.