Басты бетЖаңалықтарБуын аурулары...

Буын аурулары неден пайда болады?

Буын ауруларын емдемес бұрын неден пайда болғанын анық­тап алған дұрыс. Ол үшін қан са­раптамалары, рентген тексе­рулері жүргізіледі. Нәтижесінде, сараптама қорытындысына сәйкес ем тағайындалады.

Буын ауруларының түрлері қандай?

Сорбуын (артрит). Бұл буын қабынуынан сүйекке зақым келтіреді. Нәтижесінде, буындардың қалыпты жұмысы бұзылып, қисаяды, сіңірлер мен бұлшықетті зақымдайды.

Шорбуын (артроз). Ағзаға қоректік заттың сіңбеуінен шорбуын пайда болады. Бұл 55 жастан асқан жандарда жиі кездеседі. Ауырған адамның түнге қарай буындары күтірлеп, ауруы күшейеді.

Коксартроз. Буын ауруының бұл түрі жамбас буындарының зақымдалуы, буын шеміршектерінің бұзылуынан пайда болады. Нәтижесінде, адам жүрген кезде ауру ұлғайып, буынның қозғалуы қиындайды.

©sustav-med.kz/

Остеоартроз. Сүйек құрылысының зақымдалуынан болатын остеоартроз сүйектің тығыздығын кемітеді. Ал тығыздығы кеміген сүйек сынғыш болады.

Подагра. Бұл адам бойындағы айналыс заңының бұзылуынан туындайды. Подагра кезінде науқастың буындары ісініп, қатты ауырады.

Буын аурулары неден пайда болады?

Буын аурулары адам ағзасында тұқымқуалаушылық сипатта және жүре пайда болады. Жүре пайда болатын буын ауруларына темекі шегу, артық салмақ және түрлі аллергиялар себеп болады. Сондай-ақ буындардың қабынуы мына себептен болуы мүмкін:

  • сүйектің сынуы;
  • инфекция;
  • өзіндік иммундық аурулар, буын қызметінің нашарлауы;
  • буындардағы шеміршек майының таусылуы;
  • жарақат салдарынан сынған сүйектердің дұрыс бітпеуі;
  • ревмотологиялық аурулар;
  • остеартроз салдары;
  • экологиялық ахуалдың нашарлығы;
  • жейтін тағам мен ішетін судың сапасыздығы;
  • қимыл-қозғалыстың аздығы мен көп салмақ қосу;
  • буындарға артық салмақ салу.
©sustav-med.kz

Буын аурулары науқаста болса, мына белгілері арқылы білуге болады.

  • буындардың ауруы, қақсауы;
  • буындардың ісінуі;
  • буын айналасының қызуы;
  • буын айналасындағы терінің қызаруы;
  • буындардың қимыл-қозға­лысының шектелуі (бүгілмеуі немесе жазылмауы);
  • ауыр жағдайларда безгек, әлсіздік және лейкоциттердің көбеюі мүмкін.

Алдын алу үшін…

Ағзаға кальций мен натрийдің жетіспеуінен буынның қозғалу қабілеті төмендейді. Сол үшін үй жағдайында ешкінің сүті, орамжапырақ шырынымен буынға мына емдік әдістерді жасауға болады.

©sustav-med.kz
  • Ауырған буынды балмен сылап, орамжапырақтың үшінші қабатын жұмсартып, бал жағып 3-4 сағатқа орап тастайды. Осы емдеу тәсілін 10 күн бойы жасауға болады.
  • 1 сарымсақ езіп, 100 г лимон шырынына қосады. Лимон мен сарымсақ қалдығын қайнаған суға салып, жылылай жауып қояды. Күніне ұйықтар алдында осы қоспаны ішуге болады. Емдеу тәсілі 10 күнге созылады.

Буын ауырса, омыртқаның қызметіне әсер етеді де, организм шаршайды. Мамандардың айтуынша, бұл ауруды емдемесе, мүгелектікке әкелуі мүмкін.