Түркиялық 35-жасар Сұлтан Кесеннің бойы 251 сантиметр. Ол — әлемдегі ең ұзын адам. Ал үндістандық Джоти Амджи болса — әлемдегі ең кішкентай әйел. Оның жасы 24-те, бойы — 62 сантиметр.
Сұлтан Кесеннің бойы гипофиз безіндегі ісікке байланысты өсіп кеткен. Джоти Амджи болса, тұқым қуалайтын ахондроплазиямен ауырады екен. Қазіргі таңда екеуі де Гиннестің рекордтар кітабында бар.