Басты бет Жаңалықтар «Нұрлы жер»: Жеңілдетілген несие беру үшін 24 млрд теңге бөлінеді

«Нұрлы жер»: Жеңілдетілген несие беру үшін 24 млрд теңге бөлінеді

2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында жеңілдетілген несие беру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 24 млрд теңге бөлінеді.

Фото: Astanafm.kz

Аталған қаражат басым бағытты республикалық инвестициялар тізіміне енді. Ол осы жылғы бюджет аясында қарастырылып отыр. Бұл туралы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің отырысы барысында айтылды. Жиналыс Астанада «Бәйтерек» холдингінің басшысы Айдар Әріпхановтың төрағалық етуімен өтті.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бюджеттік несие түрінде жыл сайын банкке 24 млрд теңге көлеміндегі қаржы бөлуді қарастырады. Бұл ақшаға банк салымшылары 5% көлеміндегі жеңілдетілген мөлшерлемемен алдын-ала және аралық займдар ала алады. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шотында 30% көлемінде ең төменгі алғашқы жарна жинау қажет.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version