30 қаңтарға арналған ауа райының болжамы

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарына тұман түсіп, бұрқасын болады, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел соғуы ықтимал.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің ұйытқуы — 20-25 м/с болады, түнде кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Ақмола облыстарында түнде жел күшейеді (15-20 м/с), Жамбыл облысында тұман түсуі ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысында қатты аяз сақталады, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының бірқатар жерлерінде де суық болуы ықтимал.