Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерге өтірік уәде бере алмайтынын ашып айтты

«30-40 жылда шешілмеген мәселенің бәрін ертең шешіп тастаймыз деп сіздерге өтірік уәде бере алмаймын. Ақтөбе қаласында жолдың 44 пайызына ғана асфальт төселген. Қаланың әкімі мен орынбасарыма тапсырма беріп, бірінші қандай көшелердің жөнделетінін нақтыладық. Үш жылда, әрі кетсе  бес жылда қаладағы 537 көшенің барлығына асфальт төселеді. Екінші мәселе, осыған дейін сапасыз салынған жолдарды мердігер компаниялардың есебінен жөнделуіміз керек», — деді Сапарбаев.

Сонымен қатар облыс әкімі футбол клубы жөнінде де түсіндіріп кетті.

«Ақтөбеде футбол тоқтамайды. Командада жергілікті ойыншылар басым болу керек. Бірақ, жергілікті футболшылардың біліктілігі жеткіліксіз. Біздің жас футболшыларымыз үйрену керек. Ал, «Ақтөбе» футбол клубының директоры Васильевке қатысты айтсам, біз оған белгілі бір мерзім бердік. Ол міндет алды, егер оны орындай алмаса оның қызметтен кетуі мүмкін деген сұрақ қаралады», — деді футбол жөніндегі даудың доғарылуы керектігін айтқан облыс әкімі.

Сапарбаев ақтөбелік шенеуніктерге журналистермен жақсы қарым-қатынас ұстауды тапсырғанын айтты.

«Проблемаң аз болсын десең, журналистермен жиірек сөйлес. Сонда ғана халықтың пікіріне құлақ түресің деп жатырмыз», — деді Бердібек Машбекұлы.

Дереккөзnur.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарына қандай көмек беріледі?

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі саяси қуғын-сүргін құрбандарына мемлекеттік қолдау көрсету шаралары туралы хабарлады.

Алматы прокуратурасы тұрғындарға үндеу жасады

Алматы прокуратурасы митиң өткізу туралы жалған хабарламаларға қатысты тұрғындарға ескерту жасады. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елімізде 3-5 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Жазушы Бейбіт Сарыбай: Балаларым мінезімді өзгертті

"Әке мен бала" айдарының қонағы - жазушы Бейбіт Сарыбай. Baribar тілшілері демалыста жазушының үйіне барып, отбасымен әңгімелесіп қайтты.

Президент: Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді

Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады.

Елімізде машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспары бекітіледі

Қазақстанда машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіледі. Қаулы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.