2017 жылы автобустар 18,2 млрд жолаушыны тасымалдады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 0,6% аз. Автобустардың мұндай көп адамды тасымалдағанына қарамастан, ол транспортқа қатысты кәсіпорындар табысының 20,3%-ын ғана құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 21,1% болған еді.
2017 жылы орташа есеппен Қазақстан қалаларындағы автобус жолақысы 74 теңгені құрап, бір жыл ішінде 14,9% өсті. Астана, Қызылорда және Өскемен қалаларында жол ақысы – 90 теңге болды. Яғни, Өскемен мен Қызылордада жолақысы 20% (15 теңге) және 28,6% (20 теңге) өсті.
www.kstnews.kz порталының хабарлауынша, биыл ақпан айынан бастап Қостанайда жолақысы 100 теңге (+25%) болады. Мұнымен қатар, Алматы тасымалдаушылары Оңай картасымен жолақысының 150 теңге болуын сұрап отыр. Ал жолақысы қымбаттамаған жағдайда автобус парктерінің шығынын толықтай субсидиялау ұсынылды. Дәл қазір Алматы қаласында жолақысы – 80 теңге, Оңай картасы болмаған жағдайда – 150 теңге.