Аружан Саин: «Атымызды жамылған алаяқтардан сақтаныңыздар!»

«Назар аударыңыздар! Біздің атымызды иеленіп, алаяқтар бала емі үшін ақша жинауда. Осы жолы өтірікшілердің құрбаны Дина Жанғазиеваның  баласы Акмаль болып отыр. Оқиға Алматы қаласындағы Ғабдуллин  қиылысындағы Әуезов көшесінде орын алған. Егер кез-келген жерден біздің қорға, біздің қордағы балалар үшін ақша жинап жатқандарын көрсеңіздер,  суретке түсіріп, жеке төлқұжатын сұрап, полиция шақыруларыңызды сұраймын»

-деп өтінді Аружан Саин.

«Біз тергеу ісін жүргізуге арыз жазатын боламыз. Біздің қор қолма-қол ақша жинап, алған да емес. Бізде тек қаражат банк арқылы жіберіліп, операция жасалынады» дейді ол.

Сондай-ақ, жазбасында Дина Жанғазиеваның хатын да жариялады.

«Менің балам жайлы ақпаратты пайдаланып, Аружан Саин қорының атын жамылып өтірік еріктілер Алматы қаласындағы  Ғабдуллин  қиылысындағы Әуезов көшесінде орналасқан дәріхана алдында баламның Бостон қаласында өтетін бүйрек ауыстыру операциясына ақша жинап жатыр.

Бойы ұзын, арық, қара торы жігіт пен орташа бойлы, ақ реңді, қарапайым студент қыз. Екеуінің де сырт келбеті ұқыпты, есі дұрыс» дейді Дина.

Адамдарға айтарым, «Мұндай жағдай орын алып жатқан уақытта растайтын ақпарат болмайынша сенбеңіз!»

Тіптен болмай жатса қорға хабарласып, тексеріп алыңыз. Телефон нөмірі  www.detdom.kz сайтында тұрады.

Онымен қоса, ауру баланың таныстырушысының контактісін алсаңыз да болады.

Ал бұл балаларды мен қарғап-сілеп, қорқытпаймын да. Дәрежелеріңізді осыншама төмен түсіріп, ашық түрде ұрлық жасағандарыңыз үшін сіздерді аяймын. Бұл істен бас тартатын күш-қайраттарыңызды жинаңыздар» деп Дина өз сөзін аяқтады.

Аружан Саин алаяқ

P.S. Ақпаратты оларды көріп, тіпті, сөйлесіп көрген Юлия Хазиден алдым. Өкінішке қарай, балалар ізгі ниетті екенін айтып ақталған.

ДереккөзBaistars.kz