Жерге ұқсас планета табылды

Олардың айтуларына қарағанда, бұл қазіргі заманғы Жер шарынан айнымайтын өзіндік бір көшірме болып шығатын сияқты.

Daily Mail газетінің жазуынша, Кембридждегі Гар­вард-Смитсон астрофизика орталығының оқы­мыстылары космостан қазіргі таңда дискі ретінде айналғанына он миллион жылға жуық уақыт болып қалған Жерге ұқсас планета тапқан. Жаңалық TW Гидра жүйесінен көрініс берген. Ол біздің планетамызға жақын, Күнге ұқсас бұл жұлдыздың Жерден 176 жарық жылына тең қашықтықта орналасқанын да анықтап отыр.

Мамандардың атап көрсет­кеніндей, Чилиде орна­лас­қан Еуропаның оңтүстікке бағыт­­талған ALMA обсерва­тория­сындағы мейлінше жаңартылған телескоптар бұл жұлдыздың маңы­нан бұдан 4,5 миллиард жыл бұрын өзінің жаңа пайда болған шағындағы біздің Күн жүйесінің орбитасын еске түсіретін аспан кеулеген газдар мен тозаңдардан құралған дискінің суреттерін түсіріп үл­герген. Олар осы планеталардың біріне алдын ала жаңа пайда болып келе жатқан «Жер 2.0» деген атау да беріп қойған. Себебі, ол да оның Гидрадан қашықтығы біздің планетаның Күнмен арадағы ауқымына тең көрінеді.

Енді астрономдар ғажайып планета мен оның жұлдыздар әлемін бүге-шігесіне дейін зерттей түсуді жалғастырмақшы. Ол осы арқылы біздің ұлы ұямыздың қалыптасу процесін де біліп шығуды алдарына мақсат етіп қойып отыр.

ДереккөзBnews.kz