Олимпиада ойындарының алғашқы іріктеуі 8 ақпан күні өтеді. Ал жарыс ресми түрде 9 ақпанда басталады.
8 ақпан күні керлинг, трамплиннен секіру жарыстарынан алғашы іріктеу жарыстары, 9 ақпан күні керлинг, мәнерлеп сырғанау және фристайлдан сайыстар өтеді.
10 ақпан күні биатлон, шаңғы жарысы, керлинг, хоккей, шана жарысы, шорт-трек, трамплиннен секіру, сноуборд және конькимен жүгіру спортынан спортшылар сынға түседі. Бұл күні 5 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
11 ақпан күні тау шаңғы, биатлон, шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шана жарысы, сноуборд және конькимен жүгіруден сайыстар өтеді. Бұл күні 7 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
12 ақпан күні тау шаңғы, биатлон, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шана жарысы, трамплиннен секіру, сноуборд және конькимен жүгіруден мықтылар өзара бақ сынайды. Бұл күні 8 медаль жиынтығы ойнатылады.
13 ақпан күні тау шаңғысы, шаңғы жарысы, керлинг, хоккей, шана жарысы, шорт-трек, сноуборд және конькимен жүгірушілер өнер көрсетеді. Бұл күні де 8 медаль сарапқа салынады.
14 ақпан күні тау шаңғысы, биатлон, керлинг, ьәнерлеп сырғанау, хоккей, шана жарысы, шаңғы қоссайысы, сноуборд және конькимен жүгіру шеберлері жарыс жолына шығады. Бұл күні 6 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
15 ақпан күні тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шана жарысы, скелетон, сноуборд және конькимен жүгіруден жарыстар өтіп, 7 медаль жиынтығы ойнатылады.
16 ақпан күні шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, скелетон, трамплиннен секіру, сноуборд және конькимен жүгірушілер 5 медаль жиынтығын сарапқа салады.
17 ақпан күні тау шағысы, биатлон, шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шорт-трек, скелетон және трамплиннен секіру сайыстары өтеді. Бұл күні осы Олимпиададағы ең көп жүлде ойнатылады. 9 медаль жиынтығы өз иелерін табады.
18 ақпан күні тау шағысы, биатлон, бобслей, шаңғы жарысы, керлинг, фристайл, хоккей және конькишілер бақ сынайды. Бұл күні 6 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
19 ақпан күні бобслей, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, трамплиннен секіру, сноуборд және конькимен жүгіру шеберлері жарыс жолына шығады. Бұл күні 3 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
20 ақпан күні биатлон, бобслей, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шаңғы қоссайысы және шорт-трек шеберлері өнер көрсетеді. Бұл күні 5 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
21 ақпан күні тау шаңғысы, бобслей, шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, сноуборд және конькимен жүгіруден жарыстар өтеді. Бұл күні 7 медаль жиынтығы ойнатылады.
22 ақпан күні тау шағысы, биатлон, керлинг, фристайл, хоккей, шаңғы қоссайысы, шорт-трек және сноубордтен жарыстар өтеді. Бұл күні 8 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
23 ақпан күні тау шағысы, биатлон, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, сноуборд және конькишілер сынға түседі. Бұл күні 6 медаль жиынтығы таратылады.
24 ақпан күні тау шаңғысы, бобслей, шаңғы жарысы, керлинг, хоккей, сноуборд және конькимен жүгіруден мықтылар анықталады. Бұл күні 8 медаль жиынтығы өз иелерін табады.
25 ақпан, яғни соңғы жарыс күні бобслей, шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, хоккей ойындарының мықтылары анықталады. Бұл күні 4 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетейік, Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 9 ақпан күні, ал жабылу рәсімі 25 ақпан күні өтеді.