Асылхан Төлепов пен Тәуекел Мүслім «Медеуді» қоқыстан тазалады

Сенбілік барысында 1000 түп үйеңкі мен ақшаған отырғызылды. Тазалық акциясына «Медеу» паркінің қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстан шоу-бизнесінің жұлдыздары қатысты. Олардың арасында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Асылхан Төлепов, тележүргізуші Тәуекел Мүслім және Аян Өтепберген бар.

Асылхан Төлепов Тәуекел Мүслім

Сонымен қатар, сенбілікке қатысушылар «Медеу» паркінің территориясын, Кіші Алматы өзенінің арнасын қоқыстан тазалады. Осы аумақтан 60 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.