Басты бет Жаңалықтар Бас прокурор Қайрат Қожамжаров барлық автобустарды тексеруді тапсырды

Бас прокурор Қайрат Қожамжаров барлық автобустарды тексеруді тапсырды

Қазақстанның Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров облыс прокурорлары мен Бас көлік прокуратурасына тұрақты емес жолаушылар тасымалы саласын тексеру жөнінде тапсырма берді.

Қайрат Қожамжаров. ©Sputniknews.kz

Тұрақты емес жолаушы тасымалы саласына жасалған талдаулар, мұндағы  талаптардың жүйелі түрде бұзылып келгендігін көрсеткен.  Жолаушы тасымалдау жұмыстары ақаулы және заңсыз жабдықталған автобустармен жүргізіліп келген. Ешқандай құжатсыз жүріп, жол ережелерін бірнеше мәрте бұзғандар да кездеседі.

Бұл — азаматтардың өмірі мен денсаулықтарына тікелей қауіп төндіреді. Оған елімізде соңғы кезде болған оқиғалар дәлел бола алады.

Бас прокуратура мәлімдегендей, аталған шараның мақсаты жолаушы тасымалдау тәртібі мен ережелерін бұзғандарға шара қолданып, жол апаттарының себептерін анықтау.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version