Фото, видеоларды бір-бірлеп жүктеу үшін қолайлы сервистердің бірі — DownloadGram. Тегін әрі кез келген құрылғыға ешқандай қондырғы, бағдарламасыз жұмыс істей береді.
Фото/видеоны сақтау үшін, оның сілтемесін Инстаграм қосымшасынан немесе Инстаграмның веб-нұсқасынан көшіріп алып, DownloadGram сайтындағы сілтемеге арналған жолаққа қойыңыз. Одан кейін Download → Download Image шертпесін басыңыз. Сонда фото автоматты түрде жүктеледі немесе жаңа қосымша бетте ашылады. Егер қосымша беттен ашылса, қарапайым сайттан фото жүктегендей телефоныңызға жүктей аласыз. DownloadGram сервисінің сілтемесі мұнда→
Компьютерге Instagram-нан фотоны қалай жүктей аламын?
Біз ұсынатын бағдарлама — 4K Stogram. Ол МacOS, Windows немесе Linux-терге арналған. Фотоны жүктеу үшін, алдымен бағдарламаны компьютеріңізге қондырып алуыңыз керек. Компьютеріңіздегі 4K Stogram-ды ашсаңыз, басты бетті көресіз. Сондағы жолаққа фотосын жүктегіңіз келген аккаунтты, хештегті немесе геолокацияны жазып, «Жазылу»/»Subscribe» шертпесіне басасыз.
Фото жүктелген соң, үстінен екі рет шертсеңіз, компьютеріңіздің өзінен ашылады. Дәл осындай бағдарламаның видео жүктеуге арналған 4K Video Downloader нұсқасы бар.
Google Play-де бірнеше фотоны жүктеуге болатын көптеген бағдарламалар бар. Соның бірі — Fast Save.
Қосымшаны пайдалану үшін, өзіңіздің Инстаграм аккаунтыңызбен кіріңіз. Одан кейін Fast Save-тің іздеу жүйесімен фотосын жүктегіңіз келген профилді іздеңіз. Профилді ашыңыз, қалаған фотоларыңыздың үстінен ұзақ басып тұрып белгілеңіз. Соңынан жүктеу (загрузка) шертепесіне басыңыз. Сақталған файлдар телефоныңыздың галереясында тұрады.
Айта кетейік, бұл процестерді тегін орындай аласыз. Егер бағдарламаның ақылы нұсқасын пайдалансаңыз, бірнеше фотоны белгілеу арқылы автоматты түрде жүктейтін түймені аласыз, сондай-ақ жарнмасыз қызметке ие боласыз.
Инстаграмнан фотоны iOS-қа қалай жүктейді?
iOS-қа фото жүктеуге мүмкіндік беретін қосымшаның бірі — InstaSaver. Қызметін пайдалану үшін, алдымен оған өзіңіздің Инстаграм аккаунтыңызды тіркеңіз. Одан кейін фотосын жүктегіңіз келген профилді тауып, оң жақ төбеде тұрған жоғарыдан төменге бағытталған нұсқарды басыңыз. Одан кейін Batch Save-ті таңдадыңыз. Соңында керек фотоларды белгілеп, «жүктеу» шертепесіне басасыз.
Қосымшаны пайдалану тегін. Бірақ екінші аккаунтты қосар болсаңыз немесе жарнаманы өшіріп тастағыңыз келсе, ақылы нұсқасын пайдалануыңызға тура келеді. InstaSaver қосымшасын мына сілтемеге өтіп жүктей аласыз →