Мақпал Исабекова Ринат Зайытовты өз заманының батыры деп атады

«Ринат Зайытов — өмірге деген көзқарасы мығым ерекше тұлға. Ол шындық үшін жанын береді, өтірікті суқаны сүймейді. Ринатқа «қандай атағыңыз бар?» деп сауал қойылғанда, ол «Маған атақтың керегі жоқ, берген күнінде де қайтарып беретін едім өздеріне» деп қасқайып жауап берді. Жанарында ешқандай жасқану, бұғып қалу жоқ еді», — деп жазды әнші жеке парақшасында.

«Мұндай жандарды өз заманының батыры деп айтады. Әділ, нағыз нар тұлға, өз ісін шексіз сүйетін жан, халықтың ұлы, ұлт үшін жанын қиюға бар», — дей келе, Мақпал ақынға өз тілегін арнады.

Зайытовтың әлеуметтік желіде отырмай, шынайы өмір сүргенді қалайтынын айтқан әнші оған жылы сөздерін жаудырды.

«Ринат, қайда жүрсең де, аман бол, жақындарың аман болсын, шабытың таусылмасын, жақындарың аман болсын, қазақтың ұлдары сендей болса, болашағымыз үшін жаным тыныш»,  — деді Исабекова Instagram желісінде.

Ринат жайлы жаза отырып, Мақпал танымал әнші Батырхан Шүкеновті еске алды.

«Осындай жандарды бағалау керек, бойындағы дарынын құрметтеуіміз тиіс. Олардың қазақтың маңдайына біткен қайталанбас тұлға екенін сан мәрте айтуымыз керек. Мен Батырды сағындым, қаншама сөзді айтып үлгермедім», — деп түйіндеді әнші жазбасын.

Дереккөзnur.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мемлекет басшысы «Қызылжар-Сүт» фермасына барды

Президентке сүт фермасындағы сауын цехы және мал бордақылау алаңы көрсетіліп, осы кешенде қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды.

Fly Arystan мен Air Astana-ның бөлінуі билет бағасына қалай әсер етеді?

Air Astanа әуекомпаниясының президенті Питер Фостер Fly Arystan Air Astanа-дан бөлінсе, онда тарифтер төмендемейтінін мәлімдеді. 

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болды

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Go Viral фестивалі алғаш рет Астанада өтеді

Go Viral 2017 жылдан бері Орталық Азия елдерінде фестивальдер өткізіп келеді. Биыл алғаш рет 23-24 маусымда Астанада өтеді.

Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясы өзгереді

«ҚР мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР президентінің жарлығы көпшілік талқыға шығарылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабымен Анкараға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс бабымен барды. Бұл туралы Ақорданың Telegram каналында жарияланды.