Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында бес көшеге билердің аты берілді

Ақмола облысында бес көшеге билердің аты берілді

Ақмола облысының Сандықтау ауданында бес көшенің атауы өзгерді. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

©Baq.kz

«Ақмола облысының Сандықтау ауданы әкімдігінің қоғамдық кеңеске қатысушылары бірқатар ауылдардағы көше атауын өзгертуге дауыс берді. Нәтижесінде Каменка ауылындағы Заготзерно көшесіне Қанай бидің есімі берілді. Ұлан ауылындағы Гвардейская, Степная және Школьная көшелері – Әйтеке би, Қанай би, Төле би болып өзгертілді. Мысок ауылындағы Набережная көшесі – Қазыбек би көшесі болып аталды», — деп жазылған хабарламада.

Осылайша аудан тұрғындары мемлекет және құқықтық жүйенің қалыптасуында маңызды рөл атқарған қазақ билерінің есімін қайта жаңғыртты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version