Астана әуежайы мен вокзалындағы автотұрақтар тегін болады

Астанада ауа райына байланысты теміржол вокзалындағы және әуежайдағы ашық автотұрақтар ақысыз болады, деп хабарлады Astana LRT.

©Sputniknews.kz

Аяз болғанда автотұрақ шлагбаумдарының қызметінде ақау шығуы мүмкін. Осыған байланысты оларды алып, автотұрақты тегін әрі ашық қалдыру ұсынылған. Бұл жолаушылардың уақытын үнемдеу мақсатында қолға алынды.

Бұл өзгерістердің қала әуежайындағы жабық тұрақтарға қатысы жоқ. Ондағы қызмет ақысы түскі сағат 12-ге дейін 1 400 теңге, 12.00-00.00 аралығында — 2 000 теңге, келесі тәулікке дейін — 1 800 теңгені құрайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version