23 қаңтарға арналған ауа райының болжамы

Антициклонның әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста, оңтүстікте аздаған жауын-шашын жауады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-25 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.