«Келін» сериалының жұлдызының өліміне қатысты жаңа деректер жария болды

Үндістанның "Келін" телесериалында басты рольде ойнаған танымал актрисасы Пратюша Банерджи суицидке қаржылай проблемалар мен махаббатағы сәтсіздіктерден барған болуы мүмкін. The Indian Express және IndiaToday басылымдары Үндістанның басты "келінінің" суицид жасауының негізгі нұсқаларын атады.

Пратюша Банерджидің өлімі жайлы жаңалықты ақпарат құралдары 1 сәуірде кешкі уақытта хабарлады. 24 жастағы актриса өз үйінде асылып қалған, оны бірінші болып сүйіктісі Рахул Сингх тапқан. Жас актер оны ауруханаға жеткізген, алайда Банерджидің өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

Қайғылы оқиғадан кейін полицейлер тергеуді бастады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қыздың өлімінің негізгі себептерінің бірі — жеке қаржылай проблемалар. Қазіргі уақытта Пратюша Банерджидің банктегі есепшоттары тексеріліп жатыр және алдын ала мәлімет бойынша оның қарызы көп болған.

«Біз Банерджидің банктегі есепшоттарын тексеріп жатырмыз. Банерджилер әулеті қыздың ақшасы көп болмағанын айтты, себебі оның тұрақты табысы болмапты. Полиция Банерджидің қандай кредит алғанын тексереді. Рахул Сингх Банерджидің кредитін төлеп беру үшін үлкен сомада қаржы аударғанын айтты», — деп мәлімдеді Мумбай полициясының офицері.

Пратюша Банерджи

Қыздың өлімінің себебі деп жеке өміріндегі мәселелер аталып отыр. Пратюша Банерджидің достарының айтуынша, Рахул Сингхпен қарым-қатынасы нашарлап, олар айырылысу алдында болыпты. Актрисаның жақын досы Рахулдың Пратюшаны қоғамдық орындарда да ұрып-соққанын айтты.

«Рахул соңғы уақытта оның көзіне шөп салған. Қайғылы оқиғаның алдында Пратюша Рахулдың бұрынғы сүйіктісімен жанжалдасқанын айтты. Біз мұның барлығын полицияға хабарлаймыз, барлық нұсқаны тексеру керек. Ол қаржылай проблемалардан да суицид жасаған болуы мүмкін. Алайда оның бойы аласа болса, қалай асылып қалады?», — дейді қыздың жақын достары.

Айта кетейік, марқұмның жігіті Рахул Сингх оны ауруханаға жеткізгеннен кейін жоғалып кеткен. Бірақ сенбі күні полицияға өзі барып, 14 сағат бойы одан жауап алынды. Ал дүйсенбі күні ол кеуде тұсының ауырғанын айтып, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның басына қан кеткен болуы мүмкін деген болжамын да айтты.

Ал Рахул Сингхтың достары жұптың 14 сәуірде, бенгал Жаңа жылы тойланатын күні үйленуді жоспарлағанын айтып берді.

Естеріңізге сала кетсек, Үндістанның әйгілі «келіні» Ананди қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік.

ДереккөзTengrinews.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Елімізде жанармайдың көтерме саудасына шекті баға қойылуы мүмкін

Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін. Мұндай бұйрық "Ашық НҚА" сайтына шықты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша?

2023 жылғы қаңтардан бері республикалық бюджеттен 549,3 миллиард теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 380,6 миллиард теңге.

Qnet қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады.

Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Қазақстандағы коронавирус статистикасы. 23 наурыз

Қазақстанда кейінгі тәулікте 23 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.