Дзюдошы Ислам Бозбаев Тунистегі жарыста алтын алды

Ол жартылай финалда чехиялық спортшы Дэвит Кламмерті жеңіп, финалға жолдама алған еді.

Финалда венгриялық Тоц Кристианды иппон әдісімен ұтып, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, алғашқы жарыс күндері қазақстандық спортшылардан Жансай Смағұлов (73 кг) алтын, Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) пен Ерлан Серикжанов (66 кг) қола медаль алған болатын.