Головкин WBN нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

Редакцияның нұсқасы бойынша жылдың ең үздік боксшысы қазақстандық Геннадий Головкин болды. Ол осы аталым бойынша украиналық Василий Ломаченко мен америкалық Теренс Кроуфордты басып озды.

«Биылғы жыл Головкин үшін жұлдызды жыл болды. Боксшы орта салмақтағы чемпиондық белдіктерін дивизионның екінші және үшінші нөмірлеріне қарсы сәтті қорғап шықты. Головкин, Ломаченко мен Кроуфордтардың арасынан үздігін таңдау оңай болмады. Бірақ қазақстандық алғаш рет «Редакция таңдауына» лайық деп танылды», — деп жазылған мақалада.

GGG бұған дейін WorldBoxingNews.net оқырмандарының нұсқасы бойынша сауалнамаға берген дауыспен төрт рет жылдың үздік боксшы атанған еді.

Дереккөзbaq.kz