Басты бет Жаңалықтар Бүгін Астанада 1-ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері үшін сабақ болмайды

Бүгін Астанада 1-ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері үшін сабақ болмайды

Астанада ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің 1-ауысымындағы мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды, деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы.

Сонымен қатар, Астанада аязға байланысты қала маңына қатынайтын автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Қала маңына қатынайтын барлық автобус бағдарларының тоқтатылғандығы «Қазавтожол» РМК орталығында түсіндірілді.

«Құрметті қоғамдық көліктің жолаушылары!

Дизельдік отындағы көліктер мен қоғамдық көліктер үшін Астанадан барлық бағыттардағы жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды. Осыған орай, ауа райының аязды болуы себебімен қала маңына қатынайтын барлық автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылғандығын хабарлаймыз. Аталған бағдарлар қозғалысының жаңартылғындығы жөнінде кейін хабарлайтын боламыз», — деп жазылған таратылған ақпаратта.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version