20 қаңтар – пингвиндер күні

Бүгін - 2018 жылдың 20 қаңтары, күн - сенбі. Бұл күн тарихта қандай атаулы оқиғаларымен есте қалды екен? Әлемдік күнтізбеге көз жүгіртейік.

Пингвиндер күні

Бүгін әлемдегі ерекше құстарға арналған бейресми мереке. Бұл күн жыл сайын аталып өтіледі.

Әзербайжанда бүкілхалықтық аза тұту күні

Тоталитаризмнің салдарынан қаза тапқан азаматтарды еске алу күні. 1990 жылғы қаңтардың 20-сы Әзербайжан Республикасының тарихында ел халқының тәуелсіздік үшін күресінің ерлік парағы ретінде есте қалған. Бүгін – Әзербайжанда бүкілхалықтық аза тұту – әміршіл-өктемшіл жүйе салдарынан қаза тапқандарды еске алу күні.

Кеңес одағының бірқатар елдердің ішкі ісіне араласқанын тарих біледі: 1956 жылы кеңес әскерлері – Мажарстанға, 1968 жылы – Чехословакияға, 1979 жылы  Ауғанстанға кірді. Бірақ 1990 жылдың қаңтарында КСРО Конституциясының талаптарын, Әзербайжан КСР-ның негізгі заңы мен 1965 жылғы «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» халықаралық пактіні бұза отырып, кеңес әскері қалаға басып кірді және халықты қырды. Осы актінің салдарынан Баку мен республика аудандарында 133 адам өлтірілді, 744 адам жараланды, 841 адам заңсыз тұтқындалып, 5 адам із-түссіз жоғалып кетті. Әскерилер 200 үй мен пәтерді, 80 көлікті өртеп жіберді, 6 миллион рубльдің мемлекеттік мүлігі мен жеке меншік мүлігі жойылды. Өлтірілгендердің арасында әйелдер, балалар мен қарттар, жәдел жәрдем және милиция қызметкерлері де болған. Бұл күні әзербайжандықтар тәуелсіздік үшін күресте шейіт болған туған-туыстары мен жақындарын еске алып, аза тұтады.

1991 жылы баррикада қорғаушыларын еске алу күні

Латвияда жыл сайын атап өтіледі. Бұл 1991 жылы 20 қаңтарда Ригада КСРО-дан бөлініп, Латвия Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіру мақсатында баррикада құрды.