Басты бетЖаңалықтарМемлекеттік қызметкерлер...

Мемлекеттік қызметкерлер енді әр мереке сайын сыйақы алмайды

«Осыған дейін әр мереке сайын мемлекеттік қызметкерлер тең көлемде сыйақы алатын. Енді бонус жүйесі аясында сыйақы төленбейді. Біз біртіндеп бұл жүйеден кетеміз. Мемлекет басшысы өнімді еңбек ететін мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру туралы нақты тапсырма берген болатын. Яғни бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер атқарған жұмысына қарай жалақы алады», — деді Айгүл Шаимова.

Төраға орынбасарының айтуынша, бонус нәтижелі жұмыс істеген мемлекеттік қызметкерлерге төленеді.

«Бонус тек тиімді жұмыс істеген мемлекеттік қызметкерлерге олардың жұмысын бағалау нәтижесі бойынша белгіленеді. Жаңа әдістеме бойынша мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау жылына бір рет, яғни желтоқсан айында жүргізіледі. Соның қорытындысы бойынша осы айда бонус төленеді. Болжам бойынша бонус көлемі 4 лауазымдық еңбекақыдан кем болмайды деп жоспарланып отыр», — деді ол.

Шаимованың сөзіне сүйенсек, жұмыста кемшін тұстар байқалып, қандай да бір міндет орындалмаса, бонус қоры түзетіліп, тиісті көлемде қысқартылады.

ДереккөзSputniknews.kz