Басты бет Жаңалықтар «Мұзбалақ» анимациялық мультфильмінің трейлері шықты

«Мұзбалақ» анимациялық мультфильмінің трейлері шықты

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Мұзбалақ» атты толықметражды көркем анимациялық фильмнің трейлерін жариялады.

© "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз бөлімі

Мультфильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Фильмнің режиссер-аниматорлары – Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы.

Ұзақтығы 65 минутты құрайтын мультфильм екі жыл көлемінде жасалған. Бұл фильмде 40-қа жуық oтандық мамандар істеген. Мультфильм 2D және 3D форматында жасалған және әр секундында 24-25 кадр сурет салынған.

Мұзбалақ, мультфильм
© Dalanews.kz

Кейіпкерлерді дыбыстауға Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Төлебаев Ерғали Дүйсенұлы, Алма Әділқызы есімді театр және кино актерлері қатысқан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version