Жарқынай Ханайымның әні де, бейнебаяны да көшірме ме? (Видео)

Продюсер Баян Есентаева қол астындағы Жарқынай Ханайым есімді жаңа әншіні таныстырды.

Жарқынай «Жанды дауыс» жобасына қатысуы кезінде продюсердің көзіне түскен. Әншінің «Махаббатым» атты әніне түсірілген тұңғыш бейнебаянының тұсаукесеріне орай продюсер өнер адамдарының басын қосты. Көпшілік әншінің дебютінен тың дүние, жаңалық күтті. Бұған дейін бірқатар БАҚ «Есентаева Жанарды басып озатын әншіні дайындап жатыр» деп жарияға жар салған болатын. Алайда, Жарқынай Шалқарованың дебюті ұқсастықтар жайлы көптеген әңгімелерге түрткі болды.

Атап айтқанда, әншінің түрін Баян Есентаеваның сіңлісі Бағым Мұхитденоваға ұқсатса, тұңғыш бейнебаянын Ресей әншісі Валерияның қызы Анна Шульгинаның «Ножевая» әніне түсірілген бейнебаянының эпизодтарына ұқсатты. Ал әуені Мехмет Джемал Ешилчайдың «Secret garden» туындысының көшірмесі болып шықты, деп жазады baistars.kz.

Дегенмен, Баян Есентаева осы тектес сындарға еті әбден үйренгенін меңзеп, шәкіртін де дайын болуға шақырды. «Дағдарыс — нағыз өнерлілерді шығаратын уақыт. Біз үш ноталы әндерден әбден жалығып, екі октаваны сағындық! Өзіңе бекем бол, әлі талай сын айтылып, көп адам мойындамайды, тас лақтырады… Тек жүректен шыққан ән ғана тыңдарманның құлағына жетеді. Бұған біздің табандылығымыз бен сеніміміз көмектеседі!» — деп Жарқынай Шалқарованы үлкен өнер әлеміне қадам басуымен құттықтаған продюсер плагиат жайлы әңгімелерге түсінік берді. «Достар! «Махаббатым» жаңа әнімізге қатысты кішігірім ақпарат, бұл норвегиялық композитор Рольф Ловландтың скрипкалық туындысы, біз әлемдік классиканы ән жанрында ұсындық!» — деп жазды Баян Есентаева.

ДереккөзҚазАқпарат
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады.

Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавқат Рахмоновты қабылдады

Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавқат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қазақстан халық партиясы мәжіліске өткен депутаттарының кандидатурасын бекітті

Қазақстан халық партиясы мәжіліске өткен депутаттарының тізімін жариялады.

Коронавирус жұқтырғандар статистикасы. 26 наурыз

Елімізде кейінгі тәулікте 34 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Елнұр Бейсенбаев Аmanat фракциясының жетекшісі болды

Елнұр Бейсенбаев мәжілістегі Amanat партиясы фракциясының жетекшісі болды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.