Бұл бизнес-ойын жаһандық бәсеке жағдайында көптеген айлар бойы еңбек етіп игеруге болатын тәжірибені қысқа мерзім ішінде жинақтап, компанияны басқару тетіктерін түсінуге мүмкіндік беретін кешенді компьютерлік симуляторға негізделген. Аталмыш жобаны Еуропалық менеджментті дамыту қоры басқару құзыреттіліктерін тереңінен пысықтап, дамытуға арналған жоғары технологиялық оқыту құралы ретінде аккредиттеген.
«ЕуроХим» компаниясы тұрақты даму жағынан, сонымен бірге, бизнесті жоғары жауапкершілікпен жүргізу тұрғысынан да жоғары нәтижелерді көрсетіп келеді. Мәселен, Ресей Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы жыл сайын есептеп шығаратын «Жауапкершілік және ашықтық» индексі бойынша ЕуроХим ТОП-10 компанияның қатарына енді.
Осылайша Андрей Мельниченконың компаниясы «Газпром», «Роснефть», «Аэрофлот», РЖД, АЛРОСА сынды қарқынды дамып жатқан, ашықтықты ұстанатын ресейлік компаниялар арасында өзінің жоғарғы орнын тағы да кезекті мәрте дәлелдеп шықты.
70 көрсеткішке негізделетін «Жауапкершілік және ашықтық» индексі компания жайлы ақпаратты, соның ішінде, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және басқарушылық ақпаратты ашып көрсету деңгейін бағалайды. «Тұрақты даму векторы» деп аталатын индекс тұрақты даму саласындағы нәтижелілік қарқынын бағалауға арналған. Ресей Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының тұрақты даму саласындағы индекстері компаниялардың ең ірі өткізім көлемі туралы жария есептемелерінің негізінде 2014 жылдан бастап есептеліп келеді және де Тұрақты даму рейтингтері жөніндегі халықаралық базаға (GISR) енгізілген компанияларды тәуелсіз жолмен бағалауға мүмкіндік беретін тұңғыш әрі жалғыз ресейлік құрал болып табылады.
Айта кетейік, EuroChem Group AG — негізінен азоттық және фосфорлық тыңайтқыштарды, сондай-ақ, органикалық жолмен синтезделген өнімдерді және темір кенін өндіретін әлемдегі жетекші агрохимиялық компания. Топ құрылымы тігінен ықпалдастырылған және оның қызмет шеңберіне пайдалы қазбалар мен көмірсутекті өндіруден бастап, тыңайтқышарды өндіру, логистикасы және дистрибуциясына дейінгі қызмет түрлері кіреді.
ЕуроХим компаниясы 2008 жылы «Сары-Тас» АҚ мемлекеттік акциялар қоржынын сатып алған уақыттан бері Қазақстанда қызметін жүргізіп келеді. Сол кезеңде зауыттың іссіз тоқтап тұрғанына 15 жыл болған-тын. Компания барлық берешектерді, салықтар мен зейнеткерлік аударымдарды төлеп, жұмысшылар өз еңбекақыларына қол жеткізді. 2009 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласында «ЕуроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС жұмысын бастады, ал 2013 жылы «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС пайда болды.