Алматыда салмағы 6 килограмм сәби дүниеге келді

Дәрігерлердің айтуынша, әдетте ауыр салмақты балалар отбасында екінші не үшінші болып туылады. Бірінші болып туылуы өте сирек кездеседі. Ал алматылық алып баланың ата-анасы тұңғышының есімін Ернар деп қойды.

Мамандар ауыр салмақпен туылған балаларға ерекше күтім керектігін айтты.

«Ота ауыр болды. Бірақ қуанышқа орай, жақсы өтті. Қазір баланың дені сау, салмақ қосып жатыр және үйге шығаруға дайын», — деді ғылыми акушер орталығындағы «Ана мен бала» бөлімінің меңгерушісі Кәміл Сәмитов.

Соңғы жылдары «алып балақайлардың» саны артып келеді. Мысалы, аталған орталықта былтыр 300-ге жуық бала төрт килограмнан аса салмақпен туылған.

ДереккөзАlmaty.tv