Басты бет Видео Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» жаңа туындысы (Видео)

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» жаңа туындысы (Видео)

Режиссер Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмінің трейлері шықты. Фильм өмірде түрлі қиындықты басынан өткерген жігіттің тағдыры жайында өрбиді.

Жастайынан үйінен кеткен кейіпкер соғысты көріп, тұтқындар лагеріне түседі. Осы жылдар бойы ол үйіне, анасына оралып, ұлын көрем деген үмітін жоғалтпайды. Кейіпкердің 45 жыл өмірі экранда өрбиді. Сюжет ұжымдастыру, халыққа қайғы әкелген жұтты, Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі Қазақстанның қиын кезеңдерін қамтиды.

Айта кетейік, 1 наурыз — Алғыс күніне орай ұйымдастырылған фильмнің алдын ала көрсетіліміне Елбасының өзі қатысқан болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version